Қызылжар ауданындағы Соколовка селосының жанындағы көпір уақытша жабылды.
Бұл өткел Соколовка мен Большая Малышка ауылдарын жалғастырады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары салынған ағаш нысан осыдан екі жыл бұрын жөнделген болатын. Бірақ жыл сайын тасқынның деңгейі көтерілген кезде көпір су астында қалып, екі елді мекеннің арасында қатынас тоқтап қалады.