«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.04.2019

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАРЫСЫ

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің плей-офф кезеңінің ойындары өтуде. Додада Ұлттық лига шеберлері – жергілікті «Қуаныш», «Алматы», «Қарағанды» және «Астана» командалары тартысқа түсуде. Жерлестеріміз алғашқы күнгі бәсекеде елордалық волейболшылармен кездесті. Тартысты өткен кездесу барысында қызылжарлықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Ал екінші кездесу «Алматы» және «Қарағанды» командаларының арасында өтіп, алматылықтар …

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАРЫСЫ Read More »

ҚОРЖЫНДА – 11 ЖҮЛДЕ

Жуырда Қостанай қаласында жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында гір спортынан ел біріншілігі өтті. Турнирге 25 солтүстікқазақстандық қатысып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Жастар арасында сынға түскен Артем Головин (73 кг.) жеңімпаз атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 32 килограммдық гір тасын 10 минутта 127 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты. Жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Валентин Федоровский …

ҚОРЖЫНДА – 11 ЖҮЛДЕ Read More »

КІТАП – АЛТЫН ҚАЗЫНА

Ертең Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында “Добрые и мудрые спутники” атты әдеби мереке өтеді. Онда балалар кітапхананың тарихымен танысып, танымал ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы танып-біледі. Аталмыш шара жас ұрпақтың кітап оқуға деген ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы орайда балалардың сүйіп оқитын шығармаларының кейіпкерлері өнер көрсететін болады. Хоттабыч, Гарри Потер, жалмауыз кемпір мен …

КІТАП – АЛТЫН ҚАЗЫНА Read More »

БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко және облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев бірлесіп атқарылған жұмыстары жайлы баяндады. Атап айтқанда облыстық департамент пен өңірлік кәсіпкерлер палатасы техникалық реттеу, жергілікті деңгейдегі реттеуші құралдар, бизнестің ақпараттық толық қолжетімділігі мен …

БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Read More »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті облыстық департаменті мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің арасында меморандумға қол қойылды. Шараға департамент басшысы Елена Степаненко, университет өкілдері мен жастар қатысты.

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Қазақстан халқы Ассамблеясы” және “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедраларының ұйымдастырумен “Бір ел – бір кітап” акциясы өтті. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қолға алынған шараға білім ошағының ұжымы мен студенттер қатысты. Үстіміздегі жылы  Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” тарихи романы мен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Әбділдә Тәжібаевтың лирикалық …

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ Read More »

БІРЛЕСІП ҚҰТҚАРДЫ

Бұрнағы күні Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылындағы тұрғын үйден өрт шықты. Аудандық №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы оқиға орнына жеткенде үдеген жалын үйдің  шатыры мен дәлізіне жайылып үлгерген. Баспанаға есік арқылы кіру мүмкін болмағандықтан, полиция капитаны Бірімжан Аяғанов пен өрт сөндіруші Азат Бектасов жалма-жан үйдің терезесін сындырып, …

БІРЛЕСІП ҚҰТҚАРДЫ Read More »

ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Айыртау аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінде балабақша тәрбиеленушілері үшін экскурсия ұйымдастырылды. Тұрмыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатын көздеген экскурсия барысында бүлдіршіндер өрт сөндірушілердің жанкешті қызметі туралы біраз мәлімет алды. Балаларға өрт сөндіру жабдықтары мен арнайы көліктер көрсетіліп, өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.

АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Кеше Уәлиханов ауданындағы су басу қаупі бар Қаратал ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, бүгіндері елді мекендердегі жағдай тұрақты. – Қаратал ауылында 233 тұрғын бар. Кеше күндізгі сағат 12:00-ден бастап су басу қаупі бар үйлердің 33 тұрғыны тікұшақтың көмегімен Қулыкөл ауылындағы эвакуациялық бекетке жеткізілді. Сондай-ақ, туған-туыстарының үйіне …

АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ Read More »

ИНТЕРАКТИВТІ ЛЕКТОРИЙ ЕЛДІ ТАНЫТАДЫ

Манаш  Қозыбаев атындағы  СҚМУ-де  Жоғары медицина мектебіне оқуға түскен үндістандық студенттер үшін  «Мәдениеттану» пәні аясында ағылшын тілінде «Қазақтану» лекториі енгізілді. 

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Петропавл қаласында өздерін “Қызылжар су” кәсіпорнының қызметкерлері ретінде таныстырып, тұрғындарға су тазартатын қымбат сүзгіштерді ұсынып жүрген сатушылар пайда болған. Кәсіпорынға телефон шалып, сатып алған сүзгіштердің сапасына шағымданып жатқандар да бар екен. Сондықтан “Қызылжар су” тұрғындарды санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес ауызсумен қамтамасыз ететінін, ал су тазартатын сүзгіштерді орнатумен айналыспайтынын айтып, жұртшылықты абай болуға шақыруда. Бүгінге …

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Read More »

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛДІ КЕШ

Аутизм мәселесі туралы Дүниежүзілік ақпарат тарату күніне орай  Петропавлдағы қалалық Мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың негізгі бағыттарын іске асырудың 2019–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

АККАУНТ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасап, instagram әлеуметтік желісіндегі mamin_online аккаунты жалған екенін хабарлады. Сондықтан тіркеулік жазбаның қолданылуын тоқтату бойынша  шаралар қабылданған. «БАҚ, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінің қолданушыларынан тек Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Primeminister.kz   ресми сайтында және Фейсбук, ВКонтакте, Твиттер, Instagram, Перископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінде, Ютуб ресми арнасында нақтыланған аккаунттарында орналастырылған ақпаратты пайдалануларын …

АККАУНТ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ Read More »

ЕКПЕ ЕГІЛУДЕ

Өңірімізде өткен аптада қызылша ауруын жұқтырған он екі адам тіркелді. Соның – сегізі он төрт жасқа дейінгі балалар. Облыста аурудың алдын алудың кешенді шаралары жүргізілуде. Дертті ауыздықтау үшін арнайы штаб құрылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда, мектептерде кеңестер өтті. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері тұрғындарға аурудан сақтанудың жолдарын айтып, түсіндіруде. Өңірдегі барлық мекемеге алдын …

ЕКПЕ ЕГІЛУДЕ Read More »

ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІККЕ ЕНУДЕ

Бельгияда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  Интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ресми өкілдігі ашылды. Бұл қадам отандық білім беруді әлемдік ғылыми білім беру кеңістігіне интеграциялаудың негізгі факторларының бірі болып табылады және Еуропалық одақ елдері мен Қазақстан Жоғары мектебінің байланысын нығайтуға үлкен серпін береді  деп бағаланып отыр. Бұған дейін қазақстандық жоғары оқу орнының білім және …

ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІККЕ ЕНУДЕ Read More »

ЖЫЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мәскеуде «Equus: Жылқының тарихы» деректі трилогиясының  тұсаукесері өтті.  Картинада жылқылар алғаш рет Қазақстан жерінде «Ботай» қонысында қолға үйретілгені  баяндалады. Бұл фильм біздің ата-бабаларымыздың  бүкіл  адамзаттың дамуына, жаңа этникалық топтар мен ерте мемлекеттердің пайда болуына үлкен тарихи үлес қосқанын айғақтайды  Жоба  – Канада мен Қазақстан продюсерлерінің  ынтымақтастық байланысының жемісі. Фильм  режиссер, антрополог Найоби Томпсон мен қазақстандық …

ЖЫЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Read More »