«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал – майоры Берік Біләлов жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында және  аудандарда 129 азаматты  жеке мәселелері бойынша  қабылдады. 

Жеке қабылдауға келген азаматтар   отбасындағы проблемалардан бастап қылмыстық істерге қатысты   мәселелермен жүгінді. Мәселен, ерлі-зайыпты қарттар немересімен кездесуге кедергі жасайтын бұрынғы келіндерінің әрекеттеріне шағымданды. Полиция ведомствосының басшысы осындай күрделі, өмірде жиі кездесетін жағдай бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өңірдің бас полицейі жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығына учаскелік полиция инспекторы мен ювеналдық инспекторға баланың анасымен кездесіп, мән-жайды анықтағаннан кейін баланың мүддесін қорғай отыра, профилактикалық әңгіме өткізуді тапсырды.

Алпыс жастағы қала тұрғыны медицина қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды. Оның айтуынша, дәрігерлер емдеу мекемесіне жеткізілген жұбайына қажетті медициналық көмек көрсетілмей, ол қайтыс болған.  Қабылдау нәтижесінде жүгінушінің өтініші бойынша қылмыстық іс өндірісін тоқтату туралы шешімнің күші жойылды және Алматы қаласында өткізілетін жаңа сараптамалар тағайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp