Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің плей-офф кезеңінің ойындары өтуде.
Додада Ұлттық лига шеберлері – жергілікті «Қуаныш», «Алматы», «Қарағанды» және «Астана» командалары тартысқа түсуде. Жерлестеріміз алғашқы күнгі бәсекеде елордалық волейболшылармен кездесті. Тартысты өткен кездесу барысында қызылжарлықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Ал екінші кездесу «Алматы» және «Қарағанды» командаларының арасында өтіп, алматылықтар да 3:0 есебімен жеңіске жетті. Серия ойындары 9 сәуірге дейін созылады.
Плей-офф сынының 1-4 орындары үшін кездесулері Талдықорған қаласында өтіп жатқанын айта кеткен жөн. Онда «Алтай», «Алтай-2», «Жетісу» және «Ертіс-Қазхром» командалары бақ сынауда.