«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛДІ КЕШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аутизм мәселесі туралы Дүниежүзілік ақпарат тарату күніне орай  Петропавлдағы қалалық Мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

Облыстық білім басқармасы мен “Мой ребенок” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен концертке дамуында ауытқушылығы бар балғындар жиналды. Бір-бірімен тез тіл тауып, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсеткен балғындардың қуаныштан жүздері бал-бұл жайнады.

“Мой ребенок” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Татьяна Ковалева аутист балалармен жұмыс жүргізу үшін қалалық №21 орта мектепте тегін орын қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ, ол биыл қалалық әкімдік аутист балалармен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге қолдау білдіргенін, “Жас дарын” өнер мектебінде сурет салу мен би үйірмелері ашылғанын жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp