«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2018 жылы агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд доллардан асты.

Бұл жайында бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

 «Толықтай алғанда, агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3,023 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасында 2018 жылы алға қойылған мақсатты индикатордан 23 пайызға жоғары. 2017 жылмен салыстырғанда экспорт 26 пайызға артты. Агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттау бойынша жоспарлы көрсеткіш Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының экспорттық жоспарларын артық орындауы есебінен жүзеге асырылды», – деді  Гүлмира Исаева.

Вице-министрдің дерегі бойынша, өткен жылдың қорытындысында агроөнеркәсіп өнімдері экспортының барынша жоғары өсімі тіркелген 4 өңірдің бірі  – Солтүстік Қазақстан облысы. 

 www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp