«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕС ӘЛІППЕСІН ОНЛАЙН МЕҢГЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіпкерлік негіздерін үйренемін деген азаматтарға «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша енді кез-келген уақытта онлайн оқу мүмкіндігі туды.

Ол үшін services.atameken.kz веб-порталында тіркелу қажет. Оқу курсы аяқталған соң онлайн тестілеуден өтіп, сұрақтардың 70 пайыздан астамына дұрыс жауап бергендерге сертификат тапсырылады. Бұл құжаттың көмегімен болашақ кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдауға ие бола алады. Әзірге онлайн курста Айыртау, Қызылжар аудандарынан 3 адам білім алыпты.  Жоба бойынша  курстан өткісі келетін азаматтар енді өтінішті де кәсіпкерлер палатасына келмей-ақ веб-портал арқылы бере алады.

Жалпы «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясындағы оффлайн-сабақтар ай сайын  жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында 97 солүстікқазақстандық екікүндік курстан өтті.  

www.atameken.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp