«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко және облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев бірлесіп атқарылған жұмыстары жайлы баяндады.
Атап айтқанда облыстық департамент пен өңірлік кәсіпкерлер палатасы техникалық реттеу, жергілікті деңгейдегі реттеуші құралдар, бизнестің ақпараттық толық қолжетімділігі мен ашықтығы салаларында талдаулар жүргізді.
Кәсіпкерлер мен инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі – «Protegting business and investment» жобасы. Оның мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы бизнес өкілдері мен инвесторлардың билікке деген сенімін арттыру.
Өңірімізде «Мәмбетов және К» КС, «Радуга», «BioOperations», «Тайынша май», «ЕМС – агро», «Северный строитель», «Казмел», «КазОпт» ЖШС сияқты 11 жергілікті және шетелдік инвесторлармен департамент басшысы Елена Степаненконың атынан 137,9 млрд. Келісім жасалды. Жоба қолға алынғаннан бері кәсіпкерлерден 34 өтініш түсті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp