«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛЕСІП ҚҰТҚАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылындағы тұрғын үйден өрт шықты.

Аудандық №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы оқиға орнына жеткенде үдеген жалын үйдің  шатыры мен дәлізіне жайылып үлгерген. Баспанаға есік арқылы кіру мүмкін болмағандықтан, полиция капитаны Бірімжан Аяғанов пен өрт сөндіруші Азат Бектасов жалма-жан үйдің терезесін сындырып, ішке енді. Осылайша, олар түтінге толы баспанадан зәре-құты қашқан 16 жастағы қызды далаға алып шықты. Бұдан кейін тілсіз жау ауыздықталды. Бүгінгі таңда оқыс оқиғаның себебі мен одан келген шығын көлемі анықталуда. 

Бұл күні облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының атына қыздың әжесінен алғыс хат келгенін айта кеткен жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp