«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКПЕ ЕГІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде өткен аптада қызылша ауруын жұқтырған он екі адам тіркелді. Соның – сегізі он төрт жасқа дейінгі балалар.

Облыста аурудың алдын алудың кешенді шаралары жүргізілуде. Дертті ауыздықтау үшін арнайы штаб құрылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда, мектептерде кеңестер өтті. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері тұрғындарға аурудан сақтанудың жолдарын айтып, түсіндіруде. Өңірдегі барлық мекемеге алдын алу шаралары туралы ақпараттар жіберілді. Сондай-ақ, 88000808103 телефон нөмірі бойынша колл орталық жұмыс істейтінін де айтып өткен жөн. Қоңырау шалған тұрғындарға инфекционист, эпидемиолог дәрігерлер кеңес береді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 53 мыңнан астам өңір тұрғыны қосымша иммундаудан өтуі тиіс. Ал біздің өңірге наурыз айында 10 мың вакцина жеткізіліп, 1 сәуірден емдеу мекемелері 9-10 айлық балалар мен медициналық қызметкерлерге екпе егу жұмыстарын бастады. Жалпы, өңір бойынша биыл 208 адам қызылша ауруын жұқтырған, оның 103-і бала.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp