«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәскеуде «Equus: Жылқының тарихы» деректі трилогиясының  тұсаукесері өтті.  Картинада жылқылар алғаш рет Қазақстан жерінде «Ботай» қонысында қолға үйретілгені  баяндалады. Бұл фильм біздің ата-бабаларымыздың  бүкіл  адамзаттың дамуына, жаңа этникалық топтар мен ерте мемлекеттердің пайда болуына үлкен тарихи үлес қосқанын айғақтайды  Жоба  – Канада мен Қазақстан продюсерлерінің  ынтымақтастық байланысының жемісі. Фильм  режиссер, антрополог Найоби Томпсон мен қазақстандық продюсер, зерттеуші Нұрбол Баймұханов жетекшілігімен түсірілген. Оған отандық суретшілерден, әртістерден, каскадерлерден, дублерлер мен безендірушілерден құралған шығармашылық топ жұмылдырылған.  Сонымен қатар, түсірілімге 1500-ден астам  жылқы қатыстырылды. «Equus: Жылқының тарихы» картинасы  3 жыл бойы 11 елде түсірілді. Қазақстанда түсірілім Алматы және Ақмола облыстарының аумағында жүргізілді. Деректі трилогия   50 елдің, оның ішінде Канада, АҚШ, Германия, Франция мен Данияның және Қазақстанның телеарналарында көрсетіледі деп жоспарланған

«Фильм тамаша түсірілген, өткенге керемет саяхат жасадық. Ата-бабаларымыздың өміріне енгендей болдық. Ауқымдылығы мен көлемі  тұрғысынан  «Адамзаттың ұлы одиссейі» фильмімен салыстыруға болады. Жылқының ең алғаш Қазақстан жерінде қолға үйретілгенін картина сөзсіз дәлелдеп берді», – деді Мәскеу тұрғыны Андрей Стригуненко. 

 www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp