Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті облыстық департаменті мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің арасында меморандумға қол қойылды. Шараға департамент басшысы Елена Степаненко, университет өкілдері мен жастар қатысты.
Студенттер облыстағы мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Осылайша мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибе жинай алады.
Сондай-ақ, бірыңғай ақпараттандыру күні аясында департамент мамандары білім ордасының түлектерімен кездесу өткізді. Ондағы мақсат мемлекеттік қызметті насихаттап, оң имиджін қалыптастыру, жастарды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады.