«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың негізгі бағыттарын іске асырудың 2019–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

Біріншіден, қолжетімділікті арттыру мақсатында алғашқы медициналық-санитариялық  көмек дәрігерінің жүктемесін төмендету және1 объектіге келетін учаскелер санын 20-дан10-ға дейін азайту жоспарланып отыр.

Екіншіден, созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын кеңейту және осы сала  қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жалақысы төмен қызметкерлерінің еңбек ақысы 30 пайызға артады деп көзделген.

Үшіншіден, барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында ақпараттық жүйелер енгізіліп, Қазақстан азаматтарының электрондық денсаулық паспорттары жасалады.  

  www.primeminister.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp