«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА – 11 ЖҮЛДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Қостанай қаласында жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында гір спортынан ел біріншілігі өтті. Турнирге 25 солтүстікқазақстандық қатысып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Жастар арасында сынға түскен Артем Головин (73 кг.) жеңімпаз атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 32 килограммдық гір тасын 10 минутта 127 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты. Жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Валентин Федоровский (73 кг.) мен Ербол Дайырбай (85 кг+.) жеңістің бірінші сатысына көтерілді.
Жерлестеріміздің ішінен Валентин Генрих (85 кг.) жастар арасында, Руслан Айдаков (63 кг.) жасөспірімдер арасында, ал Дмитрий Акишин (85 кг.) мен Евгений Клочун (95 кг.) ардагерлер арасында жүлделі екінші орынға ие болды. Жастар арасында сайысқан тағы бір жерлесіміз Амандық Серікбол чемпионат қорытындысы бойынша гір көтеру спортынан спорт шебері нормативін орындады.
Әйелдер арасында Любовь Синько (53 кг.), Наталья Третьякова (58 кг.), Марина Евич (68 кг.) және Сабина Шпеттер (68+ кг.) екінші болса, Эльмира Салимова бұл салмақта үздік үштікті түйіндеді.
Жерлестеріміз мамыр айында Петропавл қаласында қоссайыстан өтетін ересектер арасындағы ел біріншілігіне дайындыққа кірісті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp