«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы есірткі заттарын заңсыз өткізуді ұйымдастырды деген күдікпен Петропавл қаласының алты тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткізген жедел іс-шаралар   барысында олардан 100 грамға жуық  героин тәркіленді.

Соттың шешімімен алтауы да қамауға алынды. Олардың үшеуінің ұйымдасқан топқа қатысы бар деген күдікпен Қылмыстық кодекстің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» туралы 262-бабы бойынша соталды тергеу басталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp