Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасап, instagram әлеуметтік желісіндегі mamin_online аккаунты жалған екенін хабарлады. Сондықтан тіркеулік жазбаның қолданылуын тоқтату бойынша шаралар қабылданған.
«БАҚ, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінің қолданушыларынан тек Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Primeminister.kz ресми сайтында және Фейсбук, ВКонтакте, Твиттер, Instagram, Перископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінде, Ютуб ресми арнасында нақтыланған аккаунттарында орналастырылған ақпаратты пайдалануларын сұраймыз», – делінген мәлімдемеде.
Ал instagram әлеуметтік желісіндегі Primeminister.kz ресми сайтының аккаунты мынандай: instagram.com/primeministerkz
www.primeminister.kz