«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНТЕРАКТИВТІ ЛЕКТОРИЙ ЕЛДІ ТАНЫТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Манаш  Қозыбаев атындағы  СҚМУ-де  Жоғары медицина мектебіне оқуға түскен үндістандық студенттер үшін  «Мәдениеттану» пәні аясында ағылшын тілінде «Қазақтану» лекториі енгізілді. 

18 сағатқа шақталған курс  этномәдени сипаттағы 9 тақырыпты қамтиды. Дәріс оқуға университет оқытушыларымен қатар сырттан да сарапшылар тартылған. Барлық сабақтар стандартты емес, ерекше түрде өткізіледі. Мәселен, «Қазақ елі: қасиетті нысандардағы тарихи ескерткіш»  тақырыбындағы дәріс «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде саяхат түрінде өтті. Экскурсия ағылшын тілінде заманауи компьютерлік технология мен интерактивті қарым-қатынас формаларын қолдана отырып жүргізілді. Ал «Қазақтардың дәстүрлі менталитеті және отбасы құндылықтары» тақырыбындағы дәріс үшін аудитория тұрмыстық заттармен жабдықталды, ал студенттер  ұлттық киім киіп,  қазақтың саалт-дәстүрлерін сахналады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp