«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.04.2019

КІТАПҚҰМАР ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен кітап марафоны өтті. Ереже бойынша оған қатысуға тілек білдірген оқырмандар бір ай көлемінде ұсынылған кітапты оқып шығып, 30 тест сұрағы мен 20 логикалық сұраққа жауап беруі керек болатын. Барлық тапсырманы дұрыс орындаған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері  өздерінің кітапқұмар екендіктерін байқатты. …

КІТАПҚҰМАР ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ

“Nur Otan” партиясының Петропавл қалалық филиалы өз белсенділері үшін «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалін өткізді.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС — ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА

Дүкенде  15 мың теңгеге сатып алған заттары салынған пакетін әйел бір сәтке қараусыз қалдырған.Оны байқап қалған отыз жастағы петропавлдық жігіт  оңай олжаға кенелмек болады. Пакетті жоғалған әйел бірден полицияға хабарлайды. Дүкендегі бейнебақылаудың көмегімен көп кешікпей күдікті қолға түсті. Сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген рәсіммен жүргізілді. Бұрындары мұндай рәсімге заңмен 15 күн белгіленген  болса, жаңа тәртіппен электронды …

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС — ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА Read More »

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың  төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Алқалы жиында  «Қызылжар — адалдық алаңы »  жобалық кеңсесінің жұмысы туралы мәселе қаралды. Бұл жобаның мақсаты   — тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту, оған қарсы көзқарасты  қалыптастыру,  азаматтардың  мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.  Әкімдік оттырысында сондай-ақ  санитарлық -эпидемиологиялық  қолайлылықты қамтамасыз ету және  медициналық қызмет көрсету …

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ Read More »

ОҚУШЫЛАР РОБОТ-КОМБАЙН ЖАСАДЫ

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ауыл шаруашылығы саласында, ғарыштық зерттеулерде қолданылатын әмбебап кешеннің шағын үлгісін жасады. Кешен адамның көмегінсіз жер жырту, егін егу, тіпті қартоп қазу сияқты жұмыстарды орындай береді. Ол үшін робот-комбайн бірнеше арнайы модульмен жабдықталған. Қажетті бағдарламаны таңдап, оның жұмысын қашықтықтан бақылап отыруға болады. Кешен жанар-жағармаймен емес, күн сәулесінен қуат алып, жұмыс жасайды. …

ОҚУШЫЛАР РОБОТ-КОМБАЙН ЖАСАДЫ Read More »

ҚАРА САБЫН ҚАЙНАТАДЫ

Қарағанды медициналық университетінің  студенті Дәулет Ибраев қазақтың бұрынғы антисептикалық құралы — қара сабын жасаумен айналысып жатыр.    

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІККЕ СОНЫ СЕРПІН

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге алғашқы сапары табысты өтті Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Пре­зи­денті Владимир Путиннің шақыруымен Ре­сей Федерациясына сапармен барды. Бұл – Қасым-Жомарт То­қаевтың Қазақстан Пре­зиденті лауазымына кіріскеннен кейінгі шетелге алғашқы сапары.

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ

Кеше түстен кейін Петропавл қаласында Батыр Баян көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққан.  Ең жоғарғы қабаттағы балконда тұтанған от кешікпей көрші балконға жетіп,  15 шаршы метрдей аумақ өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер автобаспалдақ арқылы 9 жасар баланы құтқарды. Үйдің 37 тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды.  Өрт  бір сағат шамасында толық сөндірілген.       

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ЕКІНШІ

Қостанай қаласында ардагерлер мен жастар арасында гір спортынан ел біріншілігі өтті. Турнирге 25 солтүстікқазақстандық қатысып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

MAŃYZDY QADAM

Oblystyq tilderdi damytý basqarmasy mamandarynyń uıymdastyrýymen M.Qozybaev atyndaǵy SQMÝ-de “Latyn grafıkasyndaǵy qazaq tiliniń emle erejesi jáne oqytý ádistemesi” taqyrybynda respýblıkalyq semınar ótti.

ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК

Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған “Жұлдызай” халықаралық фестивалінің облыстық кезеңі өтті. “ВІ-Жұлдызай” корпоративтік қайырымдылық қоры қолға алған шараға Білім және ғылым министрлігі, “Отандастар Қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қолдау білдіруде.

ОЛАР ӨМІРДІ ӨЗГЕШЕ СҮЙЕДІ

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеп, оларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының тарихы әріден бастау алады. Қамкөңіл жандарға көмек көрсетіп, өмірге құлшынысын оятқан білім ордасының құрылғанына биыл 75 жыл толады. Осы уақыт бедерінде білім ордасы денсаулығында кінәраты бар талай шәкірт тәрбиеледі. Соңғы жылдары білім сапасы бойынша республикада …

ОЛАР ӨМІРДІ ӨЗГЕШЕ СҮЙЕДІ Read More »

ЖАҢА ЖАЗУДЫ ҮЙРЕНУГЕ ОЗЫҚ ӘДІС КЕРЕК

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тұрғындардың оқу-жазуды қайтадан үйренуін талап етеді. Үлкенді-кішілі барлығымыз жаңа жазуды қолдануды әліпбиге қайта-қайта жалтақтап қарап, буындап жазып, ежіктеп оқудан бастаймыз. Балабақша, мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісіне жаңа жазу біртіндеп, арнайы бағдарламалар бойынша кезең-кезеңімен енгізілетін болғандықтан, балалар, оқушылар мен студенттердің жаңа жазуға бейімделуі айтарлықтай ауыртпалықсыз жүзеге асатыны …

ЖАҢА ЖАЗУДЫ ҮЙРЕНУГЕ ОЗЫҚ ӘДІС КЕРЕК Read More »

МЕКТЕПКЕ — ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК

Елімізде осыдан үш жыл бұрын қамқоршылық кеңестері құрылып, олардың құрамына кәсіпкерлер мен меценаттар да кірген болатын. Олар мектептерде білім беру сапасы мен оқушыларға жасалған жағдайларды бақылайды, жөндеу жұмыстарына, мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен оқулықтар сатып алуға қол ұшын береді. Осыған дейін бұл мәселелер ата-аналардың көмегімен шешіліп, нәтижесінде түрлі келеңсіздіктер туындайтын еді. Оқушылар сарайында облыс мектептеріндегі қамқоршылық …

МЕКТЕПКЕ — ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК Read More »

КӨКТЕМ КЕЛДІ, СЕҢ СӨГІЛДІ

“Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев “Soltústik Qazaqstan” газетінің электронды поштасына және WHATSAPP желісіне келіп түскен оқырмандардың сауалдарына жауап берген болатын. Бүгін осы әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ЕКІ ЖАҚҚА ДА ТИІМДІ

Мекеме жұмысын электронды жүйеге көшіру – бүгінгі таңда кез келген парақорлықтың алдын алудың тиімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жұмысын жүзеге асыру аясында облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет пен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко №3 қалалық емханада болып, емдеу мекемесіндегі тың …

ЕКІ ЖАҚҚА ДА ТИІМДІ Read More »