ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ!
Қызылжар ауданындағы Преснов ауылының кітапханасында “Әдеп сабағы немесе сыпайылық жайында әңгімелесейік” атты комильфо-шоу өтті. Өскелең ұрпақтың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру мақсатында өткен шарада кітапханашы Сәуле Жақыпова балаларға сыпайылықтың неден тұратынын түсіндірді. Ол сондай-ақ, әдепті сөйлеу, жақсы қарым-қатынас орнатудың маңызына тоқталды. Мектеп оқушыларының бір тобы игі істер мен қайырымдылық жасаған адамдар ең сыпайы десе, екінші жартысы …