«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.04.2019

ЖАЛТЫРДЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Бүгінгі күні төрт түлігін түлетіп, егінін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауылдар аз емес. Шал ақын ауданындағы Жалтыр ауылы да – берекелі істерімен көпке үлгі шағын елді мекендердің бірі. Қазақ ауылы аудан орталығы – Сергеевка қаласынан 28 шақырым қашықтықта, Жалтыр көлінің оңтүстік-батысында қоныстанған. Ауылдың тағдыры қыл үстінде тұрмаса да, бір кездері көше бойына сымдай тізілген үйлердің …

ЖАЛТЫРДЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ Read More »

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ

Осыдан бес жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді құшақ жая қарсы алып, олардың ұстазы атанғандағы қуаныш сезімім әлі күнге дейін есімде. Мектеп партасына алғаш отырған оқушылардың бал-бұл жанған жүздерін көріп, “Әліппені” қолдарына ұстатқан кез мен үшін өте ыстық әрі толғанысқа толы сәт болды.

ЕСІМІ ЕЛ ЖАДЫНДА

Шәкірттеріне терең білім, тәлімді тәрбие беріп, танымал тұлғалардың өмір жолын, елге сіңірген ерен еңбегін зерттеп, бірнеше кітап шығарған Ғалым Қадірәлиннің есімі Сергеевка қаласындағы бір көшеге берілгенін естіп, төбем көкке жеткендей қуандым. Туған жердің тарихын зерделеп, тұлғаларды жұртшылыққа таныту жолында үлкен еңбек сіңірген азаматтың есімін келер ұрпақтың жадында қалдыру үшін бұл ерекше маңызды іс.

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Соңғы жылдары елімізде бизнес нысандарын электр желілеріне қосу шарттарын жақсартуға бағытталған реформалар сәтті жүргізілуде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған бұл қолдаулардың нәтижесінде бизнесті жүргізу оңтайландырылған.

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкіміне сəйкес Қазақстанда жыл сайын “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурсты дайындау жəне өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2019 жылғы “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсын жариялады.

“ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР ҚАРТ БАСЫЛЫМ”

2020 жылдың 22 ақпаны күні облыстық “Soltustik Qazaqstan” газеті өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл айтулы дата – бар саналы ғұмырын баспасөзге арнаған және сол соқпақты абыроймен жалғап келе жатқан тілшілер қауымы ғана емес, байырғы басылымның жанашырлары,қалың оқырманы үшін де мерейлі қуаныш.

СОТ ЖҮКТЕМЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң 2019 жылғы 21 қаңтарда қабылданып, ол 3 ақпаннан бастап күшіне енді. Тиісті түзетулер Азаматтық процесуалдық кодекске және “Нотариат туралы” Заңға да енгізілді.

ТУҒАН ЖЕР — ТҰНҒАН ТАРИХ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен “Туған жер – тұнған тарих” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова қатысып, студенттерге өңіріміздің киелі жерлері жайлы айтып, жерлес ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің менеджері Сәуле Кереева туған өлкені дамыту үшін оны тынымсыз зерттеу керектігін айтып, жиналғандар …

ТУҒАН ЖЕР — ТҰНҒАН ТАРИХ Read More »

ЕВГЕНИЙ ГЛОТОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов тағайындалды.  Евгений Сергеевичті партия мүшелеріне таныстырған партияның облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов оның осыған дейінгі жұмысына жоғары баға беріп, бұл лауазымға лайық екенін айтты. Ал бұл қызметті осыған дейін атқарған Артур Молдағұлов басқа қызметке ауысты. Құмар Іргебайұлы өз міндеттерін жақсы …

ЕВГЕНИЙ ГЛОТОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

АРМАНЫ АСҚАҚ ӨНЕРПАЗ

Әлем сахналарында ел намысын абыроймен қорғап жүрген мақтанышымыз, бірнеше республикалық және халықаралық сайыстардың лауреаты Руслан Мұстафин – Петропавлдағы өнер колледжінің түлегі. Дарынды жас бүгіндері Нұр-Сұлтан қаласындағы “Шабыт” ұлттық өнер университетінде опера әншісі мамандығы бойынша білімін жалғастыруда.

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтетін Азия чемпионатына Илья Ильин бастаған кіл мықтылар қатысады. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінде өткен баспасөз мәслихатында ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельников айтты. Бас бапкердің айтуынша, сары құрлық додасында ерлер арасында Арлей Чонтей (55 кг.), Фархад Харки (67 кг.), Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 кг.), Нижат Рахимов …

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ Read More »

МАМАНДАР ТАРТЫЛУДА

Алдағы уақытта Қызылжар өңіріндегі емдеу мекемелері жоғары білімді жас дәрігерлермен толығады. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметтеріне қарағанда бүгінгі күні өңірімізге 230-ға жуық, оның ішінде ауылдық жерлерге 80 жоғары білімді маман қажет. — Облыс орталығындағы медициналық мекемелерде салалық мамандар жетіспейді. Мәселен, аллерголог пен балалар пульмонологы мүлдем тапшы. Бұлардан өзге терапевт, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, хирург және онколог сынды …

МАМАНДАР ТАРТЫЛУДА Read More »

ЕТ ЭКСПОРТЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ

Биыл аудандарда бордақылау кешендеріндегі мал басын көбейту көзделуде. Жоғары сапалы ет өндіру үшін тек асыл тұқымды мал бағылатын болады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өнімді алдағы уақытта Ресей мен Қытай елдеріне экспорттау жоспарлануда. — Былтыр өңір шаруалары 56 мың тонна ет өндірсе, оның 8,2 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберілді. Облысымызда ет өнімдерін шығарумен айналысатын …

ЕТ ЭКСПОРТЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ Read More »

ДАРАҚЫЛЫҚ ПЕН ДАҚПЫРТ

Түлектердің қолға аттестат алып, “Қалайша қиямыз, ұшырса ұямыз?!” деп, мектеп тамамдайтын күні, сән-салтанатпен атап өтетін мектеп бітірушілер кеші жақындап келеді. Дегенмен, жастардың тойдың қамына ерте бастан-ақ кірісетіні жасырын емес. Қазіргі таңда қоғамда бұл кешке қатысты қарама-қайшы пікірлер айтылуда.

ӨРМЕКШІНІҢ ТОРЫ

Алдиярды ұйқысынан таң қылаң бере ұялы телефонының шырылдаған дыбысы оятты. Жастығының астына қолын сұғып жіберіп, алып шыққан “дыңғырлақтың” үнін өшірді де, күнделікті әдетіне кірісті. Ояна сала, әлеуметтік желіге бір кіріп шықпаса, бір нәрседен құр қалатындай күйге түсетіні бар. Өзгелердің өмірінде қандай өзгерістер болып жатқандығын бақылап отырмаса, көңілі көншімейді. Әйтеуір, соңғы кездері көзі де, көңілі де …

ӨРМЕКШІНІҢ ТОРЫ Read More »