«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.04.2019

ЖІГЕРЛІ ҰРПАҚ – ЕРТЕҢІМІЗ

“Бүкіл адамзаттың келешегі – жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты”, – деп жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай, жастардың назарын білімге, рухани және тарихи құндылықтарды бағалауға аударып, отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет-ақ. Мұндай қасиеттерге ие ұрпақ жігерлі болады. Үстіміздегі жылдың “Жастар жылы” болып жариялануы да еліміздегі төрт миллионға жуық жасты қуанышқа бөледі десек, артық айтқандық …

ЖІГЕРЛІ ҰРПАҚ – ЕРТЕҢІМІЗ Read More »

ҚАЗАҚШАҒА СУДАЙ

Өңірімізде тұратын өзге этнос өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгерген жастар аз емес. Солардың бірі – Юлия Семенычева. Ол – Шал ақын ауданындағы Ысқақ Ыбыраев ауылының тумасы. Бүгінде Мәркен Ахметбеков атындағы мектептің 11-сыныбында білім алуда.

ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ

Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбеков 1930 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Жаңасу ауылында дүниеге келген. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын тамамдаған соң облысымыздың Коновалов машина-трактор станциясында бас агроном, директор қызметтерін атқарған.

АЛҒА ҰМТЫЛҒАН АРУЛАР

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы XXVII ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Ұлттық лига шеберлері тартысқа түскен сайыстың нәтижесінде жергілікті “Қуаныш” турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Осы орайда біздің өңірімізде командалық спорт түрлері, оның ішінде әйелдер волейболының даму барысына көз жүгіртіп өткенді жөн санадық.

ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Осыдан тоғыз күн бұрын спорттық мансабын аяқтағанын хабарлап, жұртты дүрліктірген Конор МакГрегор көпшілікті тағы да таңғалдырды. Ережесіз жекпе-жек жұлдызы өзінің “Twitter” парақшасында спортқа қайта оралғанын мәлімдеді.

МЕССИДІҢ РЕКОРДЫ

Футболдан Испания премьер-лигасында “Барселона” Мадридтің “Атлетико” командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Әйгілі “Камп Ноу” стадионында өткен матчта Лионель Месси мен Луис Суарес мергендік танытты.

ЕЛ ҮМІТІН АҚТАҒАН СПОРТШЫЛАР

ЕЛДОСТЫҢ ЖЕҢІСІ Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-при додасында белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов бас жүлдені олжалады.

САҢЛАҚТАР САЙЫСЫ

Сәуір айының соңында жүзуден “Champions Swim Series” атты жаңа әлемдік турнирдің бірінші кезеңі өтеді. Оған Қазақстаннан тек Дмитрий Баландин шақырту алды.