«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.04.2019

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ

Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Жаңғырған өлкем – болашағың көркем!” атты облыстық форум өтті.

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада аз қамтылған отбасыларға қатысты әлеуметтік қолдаудың жаңа тәртібін түсіндіру мақсатында “дөңгелек үстел” өтті. Оған көпбалалы аналар, ардагерлер мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

ҚОРАЛАР МАЛҒА ТОЛУДА

Бүгіндері облысымызда мал шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. — Жыл басынан бері мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында бір мыңға жуық сүтті және етті бағыттағы ірі қара әкелінді. Атап айтқанда, Аққайың ауданындағы “Дайындық-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Австрия елінен 491 бас жеткізді.

ҚАРА ҚҰРДЫМНЫҢ СУРЕТІ

Бельгияның Брюссель қаласындағы Еурокомиссияның штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында “The Event Horizon Telescope” жобасының мамандары адамзат тарихында алғаш рет Қара құрдымның (черная дыра) фотосуретін таныстырды. Сәуірдің 10-ы күні жария­ланған жаңалықтың адамзат баласы үшін ең құнды тұсы – Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясын дәлелдеуге ықпал етуінде. Әрі тартылыс күші теориясын жетілдіруге де жол ашады. Әрине, жұртшылыққа таныстырылған фото …

ҚАРА ҚҰРДЫМНЫҢ СУРЕТІ Read More »

ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒДАР

Ғылым қызметкерлерінің күніне орай Оқушылар сарайында «Білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыру: тәжірибе және перспектива» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтуде. Білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамыту контекстінде мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіру мақсатын көздейтін шараға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушылары, педагогтер мен инновациялық мектептердің оқушылары қатысуда. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопованың төртінші революциялық даму кезеңінде ғылымның рөлі …

ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒДАР Read More »

ӨЗ ІСІН АШТЫ

Жамбыл ауданының орталық қонысында жас кәсіпкер Динара Омарова жеке әсемдік салонын ашты.

ҮЗДІК ЭКОНОМИСТЕР

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің  студенттері «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша  өткен республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары атанды.

САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында “Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру” тақырыбында өңірдегі саясаткер әйелдер клубының отырысы өтті. Оған мемлекеттік қызмет және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандар қатысты.

«ҚАЛДЫҚСЫЗ ҒАЛАМШАР» АКЦИЯСЫ

Петропавл қаласындағы №10 орта мектепте “Қалдықсыз ғаламшар” атты экологиялық акция өтті. Шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Владислав Орлов, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялардың өкілдері, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты. – “Қалдықтарға екінші өмір сыйла” ұранын ту еткен экологиялық акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін …

«ҚАЛДЫҚСЫЗ ҒАЛАМШАР» АКЦИЯСЫ Read More »

ЭЦҚ АЛУШЫЛАР КӨБЕЙДІ

Өңір тұрғындары арасында электронды-цифрлық қолтаңба алушылар қатары көбейіп келеді. Бұл мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу көрсеткішіне де едәуір әсер етуде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті тұрғындарға қызметтерді электрондық форматта алу бойынша оқыту семинарларын өткізуді жалғастырып келеді. Оқыту семинарлары мен ақпараттық-түсіндіру дәрістеріне облыстың барлық ауылдық округтері, еңбек ұжымдары, мектептер оқушылары, …

ЭЦҚ АЛУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Read More »

ЖАЗУШЫНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен белгілі жазушы, аудармашы Герольд Бельгердің 85 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің жанында арнайы мониторингтік топ қызмет етеді. Топ құрамында үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіподақ, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясы және БАҚ өкілдері бар. Осындай топтар барлық аудандарда құрылған. — Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік секторлардың қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу демократияның негізгі элементі болып …

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ШЕШІМІН ТАБУДА Read More »

ЖАС ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жастар және ғылым – 2019» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Жастардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруға ықпал ету мақсатын көздеген шараға елімізбен қатар жақын шетелдердің жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ибраеваның айтуынша, конференцияға жас ғалымдардан 200-ден астам баяндама түскен. Үстіміздегі жылы ғылыми …

ЖАС ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ Read More »

МОТОЦИКЛШІ ҚАЗА ТАПТЫ

Кеше кешке Петропавл қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде болған жол-көлік оқиғасында 40 жастағы азамат қаза тапты.

КӨГАЛДАНДЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Биыл облыс орталығында 3400 көшет отырғызу жоспарланған. Көгалдандыру жұмыстары сәуір айының соңында қолға алынбақ.

КӘСІПОДАҚТАР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуінен кейін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы Президент сайлауын өткізуді қолдау туралы Үндеу жолдады. Осы орайда бүгін Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдау мақсатында облыстық кəсіподақтардың үйлестіруші кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынды ашқан облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Ерік Нұрақаев  Президент сайлауы қазақстандықтардың азаматтық құқығының ажырамас бөлігі екенін …

КӘСІПОДАҚТАР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ Read More »

ПЕТРОПАВЛДЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақақалов қала активіне Петропавлдың жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметке Болат Жұмабеков тағайындалды. Ол бұған дейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды басқарған  болатын.      

ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ

Республикалық «Жолда қабылдау» акциясына орай Айыртау ауданында жылжымалы полиция пункті құрылып, жол сақшылары тұрғындар сұрақтарына жауап берді. Шараның негізгі мақсаты азаматтарға құқықтық көмек көрсету, қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті дамыту, сонымен қатар халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту болып табылды. Жылжымалы полиция пункті азаматтарды Саумалкөл ауылының «Орталық базар» …

ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ Read More »