«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.04.2019

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖОЛДАМА АЛДЫ

2 мамыр күні Нұр-Сұлтанда өтетін «Мисс Қазақстан — 2019» байқауының республикалық кезеңінде жерлесіміз Анара Кәкімова да бақ сынайтын болады. Бойжеткен бүгінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алуда. Көркем гимнастикадан спорт шебері. Айта кетейік, бұл байқау осымен 22 — ші рет өткізілуде.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Руслан Әлішев тағайындалды. Ол бұрындары Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінде, облыстық ішкі саясат басқармасында басшы қызметтер атқарған. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметте болды.  Мамандығы тарихшы, заңгер. Соңғы жылдары Орталық коммуникациялар қызметін басқарған. Облыс әкімі өзінің жаңа орынбасарына жемісті …

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс әкімінің орынбасары болып істеген Мадияр Қожахметті жаңа қызметімен құттықтады. Мадияр Дүйсенбайұлы республикалық жастар істері жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды. Құмар Іргебайұлы оған жаңа қызметте табыс тіледі. Мадияр Дүйсенбайұлы Қызылжар өңірінде төрт жарым жұмыс істегенін, қолдау білдіргендерге алғысын білдірді.

НАҚТЫ СОМАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Премьер-Министрдің орынбасары — Қаржы министрі Әлиxан Смайылов президенттік сайлауға жұмсалатын қаржының нақты сомасын айтты. «Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында біз Үкіметтің резервінен сайлауды өткізуге 9,4 миллиард теңгені бөлуге шешім қабылдадық. Аталған қаражат республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Ол жерлерде 70 мыңға жуық адам істейді. Әрине, ол қаржының басым бөлігі сайлау …

НАҚТЫ СОМАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Read More »

ЖЕКСЕНБІЛІК САЯХАТ

Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері  балаларға «Шапито» циркіне саяхат ұйымдастырды. Ресейлік цирк бағдарламасында балғындар клоундар мен жонглерлардың, үйретілген жабайы аңдардың өнерін тамашалады. Циркке саяхат ұйымдастыру арқылы сақшылар балғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың бүгінгі қоғамға үйренісіп кетуі үшін жағдай жасауды көздейді. Басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Теміреевтің айтуынша, цирк шоуында үш жүзден астам бала …

ЖЕКСЕНБІЛІК САЯХАТ Read More »

ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Петропавлдық полицей биік жардан құламақ болған бойжеткенді құтқарып қалды. Кешкі ауысымнан үйіне қайтып бара жатқан полиция сержанты Денис Комаров Есіл өзенінің жағалауындағы жардың шетінде төменге құламақ болып тұрған бойжеткенді байқаған. Ол жердегі жардың биіктігі – 25-30 метр.  Оқиғадан біршама уақыт бұрын суицидке бел байлаған бойжеткен әлгі полицейдің жанынан өтіп бара жатып, орындыққа ұялы телефонын тастап …

ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ Read More »

ӨЗБЕК ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫ АШЫЛДЫ

Кеше Ташкенттегі Халықаралық форумдар сарайында  Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан Президенті Шавқат Мирзиеев қатысты. Салтанатты рәсім Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк сынды  өнер  қайраткерлері мен  шығармашылық ұжымдардың гала-концертімен қорытындыланды. Өзбекстандық көрермендер назарына М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан үзінді, «Astana Ballet» театрының …

ӨЗБЕК ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫ АШЫЛДЫ Read More »

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ТӘРТІБІ

Биылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Гранттар  білім беру бағдарламаларының топтары бойынша   бөлінеді. Барлығы 97 білім беру бағдарламаларының тобы бар. Гранттан үміткерлердің білім беру бағдарламаларының төрт бірдей тобын таңдау мүмкіндігі болады. Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырғандар  1)«Химия мұғалімдерін даярлау»; 2) «Биологиялық және …

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ТӘРТІБІ Read More »

ОЙМАҚТЫЛАР БАЙҚАУЫ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры бірлесіп алғаш рет «ALTYN OIMAQ» республикалық байқауын ұйымдастырып отыр. Байқауды өткізудегі мақсат — ұлттық нақышта киім-кешек, бұйымдар тігетін жаңа идеясы бар дизайнерлер табу, ал киім күнделікті киетін болуға тиіс.  Байқау алты номинация бойынша өтеді. Қатысушы бірден екі номинацияға өз жұмысын ұсына алады. Әр номинация бойынша жеңімпазға …

ОЙМАҚТЫЛАР БАЙҚАУЫ Read More »

ЖАС ТІЛШІЛЕР САЙЫСЫ

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болашақ журналистердің білім мен білік додасы  өтуде. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сайыскерлер өткір тіл, ұшқыр ой, жылдам шешім қабылдап болашақта шындық, әділеттілік қырандары болатынын көрсетті. Олимпиаданың бірінші күні сайыскерлер «Ұлы даланың ұлағаты» тақырыбында бейнетүсірілім көрсетіп, эссе жазды. Екінші күннің  тапсырмасы: тест, жедел ақпарат тарату және «Ертіс — Баян өңірінің тарихы …

ЖАС ТІЛШІЛЕР САЙЫСЫ Read More »

МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

“SENIM” денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Дүйсенов өңірімізге жұмыс сапарымен келіп, медицина мекемелері мамандарымен кездесу өткізді.

ТӨЛ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖОБА

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының жүзеге асырыла бастағанына екі жыл толды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабамыздан қалған бай мұраны сақтауға ықпал еткен бұл бағдарламаның бергені мол. Өңір тұрғындары арасында бағдарламалық мақала кең қолдау тауып, оның аясында түрлі жобалар жүзеге асты. Бұл туралы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “Ұлттық рухты желбіреткен Қызылжар …

ТӨЛ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖОБА Read More »

ОМАРТАШЫЛАР ОТБАСЫ

Аққайың ауданындағы Ленин ауылының тұрғындары Рамиль мен Алимаш Ғұбайдуллиндер күнделікті қызметтерінен қолдары қалт еткенде, ара өсіріп, бал өндірумен айналысады. Отағасы бұл салаға кездейсоқ келген жоқ. Оның әкесі – өңірге белгілі механизатор, жүгері өсіруші Шәріпжан Ғұбайдуллин үйде ара ұясын ұстаған.

ЖАЗА БАСҚАНДАРҒА КӨМЕК

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы шеңберінде көмек көрсетеді. Бұл түрмеден шыққан адамға қайтадан теріс жолға түспеуге, сондай-ақ, осы азаматтардың заңға бағынуына кедергі келтіретін теріс факторлардың алдын алуға көмектеседі.

БАС ЕСЕПШІНІҢ ҚОМАҒАЙЛЫҒЫ

Тайынша аудандық білім бөлімінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Жергілікті мектептерді жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған. Сондай-ақ, аудандағы “Айгөлек” балабақшасының бас есепшісі осы уақытқа дейін педагогтардың жалақысын ұрлап келген. Сөйтіп, үш жылдың ішінде ол 9 млн. теңге жымқырыпты.

PAIDALY DÁRİS

“Ulttyń saqtalýyna da, joǵalýyna da sebep bolatyn – til” degen eken ult ustazy Ahmet Baıtursynov. Sondyqtan da latyn álipbıine kóshý ultymyz úshin jasalǵan eń mańyzdy qadamdardyń biri dep esepteımiz.

АҚЫЛШЫҢ ӘРІ ДОСЫҢ

“Кітап – білім бұлағы” деген қанатты сөз бекер айтылмаған. Адам баласын дұрыс жолға бағыттайтын игі құндылықтар осы кітапта жатыр емес пе? Осы орайда кітапхана мамандарына артылып отырған жауапкершілік орасан. Өзім қызмет атқаратын Преснов ауылдық кітапханасы дәуірдің көшінен қалмай, жетілу үстінде. Біз жұмысымызды жоғары сапаға көтеріп, ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылықтарының артуына көңіл бөлеміз.

ҰСЫНЫС ХАТТАР ЖОЛДАНДЫ

Жуырда барлық аудандық жұмыспен қамту орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп «Құпия сатып алушы» әдісімен мониторинг жүргізілді.