«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.04.2019

ҒЫЛЫМ — ТЕҢІЗ

Ғылым қызметкерлерінің күніне орай Оқушылар сарайында “Білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыру: тәжірибе және перспектива” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамыту контекстінде мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіру мақсатын көздейтін шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушылары, педагогтар мен инновациялық мектептердің оқушылары қатысты.

ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТИІМДІ ШЕШІМІ

Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың біртекті тәртібінің ұсынылмауы және орындалу тетіктерінің нақтыланбауы салдарынан көпқабатты үйлерді жөндеуге қарастырылған қаражаттың бей-берекет жұмсалып жататындығы, “бармақ басты, көз қыстылыққа” жол беру фактілері орын алып келгені жасырын емес.

АУДАНДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка ауылына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысты. Халық қалаулылары аудан әкімінің лауазымына ұсынылған Ағзам Тастеміровтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары кейін жаңа әкімді аудан активіне таныстырды.

ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ МАҢЫЗДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: экономикалық реформалардың іске асырылу барысына баға бере келіп: “Біз егер қазынаны қорғап және еселеп отырмасақ, ешқашанда қалыпты да күшті мемлекет болып саналмаймыз”, – деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздігіміздің елең-алаң жылдарында құрылып, еліміздің қаржылық саясатына өзінің сүбелі үлесін қосып жүрген қазынашылық жүйесіне биыл ширек ғасыр толып отыр.