«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.04.2019

АРТЫҚ ҚҰЖАТТАР СҰРАТҚАН

Ақжар, Аққайың, Тимирязев аудандық жұмыспен қамту орталықтарында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұрғындардан артық  құжаттар талап етілген. 

ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІ ҮШІН

“Мұнаймаш” акционерлік қоғамында өткен жиында кәсіпорын жанындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Спартак Пушкарев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко еліміздегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және бизнес саласындағы өзгерістер туралы әңгіме өрбітті.

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАЙДЫ

«Самрұқ-Қазына» АҚ-ның  әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мектеп оқушылары арасында республикалық байқау жариялады.

АУЛАУҒА БОЛМАЙДЫ

Уылдырық шашу кезеңінің басталуына орай өңірдің өзен-көлдерінде балық аулауға тыйым салынды.

САХНАДА – “РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА”

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Ромео мен Джульетта” пьесасының тұсаукесері болды. Қойылымның режиссері – мәскеулік Галина Зальцман. Уильям Шекспирдың “Ромео мен Джульетта” пьесасы — ғашықтық сезімнің қылын шерткен трагедия. Әлем әдебиеті және театр өнерінің классикасы болып саналатын бірегей туындыны өңір тұрғындары жергілікті театр сахнасында тамашалап, махаббат бекетінде тағдырлары тоғыспаған қос мұңлықтың сезіміне куә болды. …

САХНАДА – “РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА” Read More »

СЪЕЗГЕ ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Петропавлда  облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Жиында партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті XVIII съезде жүктеген міндеттерін орындау, яғни «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланып, партияның кезектен тыс ХІХ съезіне қатысу үшін жергілікті филиалдан делегаттар …

СЪЕЗГЕ ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ Read More »

АВТОЖОЛДАРҒА АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Петропавлдан Көкшетауға және Щучинскіге дейінгі тасжол ақылы болмақ. Сондай-ақ, Ресей еліне сапар шеккісі келгенде де тасжолды пайдаланғандары үшін ақы төлеулері керек. Бұл туралы qzmedia.kz сайты хабарлады. Бұл жаңашылдық 2021 жылдан бастап енгізіледі. Оған дейін мамандар ақы төлеуге арналған құрылғыларды орнатады. Ақылы тасжолдардың тізімі  Tengrinews.kzсайтында жарияланды: 1. Қапшағай — Талдықорган, 184 километр; 2. Астана — Қостанай …

АВТОЖОЛДАРҒА АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Read More »

РЕСЕЙДЕН ТАБЫЛДЫ

Осыдан екі ай бұрын із-түссіз жоғалған Мамлютка қаласының тұрғыны Ресей астанасы   —  Москва қаласынан табылды.

АЛАЯҚТЫҚ АЗАЙДЫ

Өткен жылдың бірінші тоқсанында өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты 68 факті тіркелсе, үстіміздегі жылдың басынан бері 34 заң бұзушылық болған. Соның 12-сі ашылды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға интернет арқылы ақша жымқырудың әдістерін түсіндіру арқылы қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқаруда. Десе де алаяқтарға сеніп, интернет кеңістігінде ақшаларынан айырылып жатқан адамдар әлі де бар. Адамдардың сеніміне кіру үшін …

АЛАЯҚТЫҚ АЗАЙДЫ Read More »

АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік желілердегі «Әлеуетті аудитория» санатында рейтингі жақсы. Matritca.kz сайтының есептеуі бойынша, Құмар Іргебайұлының 1,5 млн. оқырманы бар. Сөйтіп, облыс әкімі төртінші орынға шықты. «Әлеуетті аудитория» санаты  дегеніміз –  өңірлердің бірінші басшыларына қатысты сілтемелермен бөліскен және пост орналастырған авторлардың саны. Ендеше, біздің облыстың әкімі әлеуметтік жағынан белсенді блогерлердің қызығушылығын тудырып отыр …

АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА Read More »