«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.04.2019

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ НАҚТЫ ҚАДАМЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының съезінде ел аумағында табысы мен тұрмысы төмен отбасылардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша жаңа əлеуметтік шараларды жүзеге асыру міндетін қойған болатын. Олардың іске асырылу барысын түсіндіру мақсатында өңірімізге жұмыс сапарымен Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова бастаған үкіметтік топ мүшелері келді. Оқушылар сарайында өткен алқалы жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, жергілікті …

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ НАҚТЫ ҚАДАМЫ Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары  Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Петропавл қаласы және аудан әкімдерімен, жергілікті  кәсіпорындардың, бизнес құрылымдарының, кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен кездесті. “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында өткен жиында вице-премьер Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын түсіндірді.

ЖАСТАРҒА СЕРПІЛІС БЕРГЕН «СЕРПІН»

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен облыстық әкімдіктегі жиналыста  «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» және «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы әңгіме арқауына айналды.

ДАТА-ОРТАЛЫҚ АШЫЛМАҚ

Бұрынғы Калинин атындағы зауыт аумағында 2020 жылы заманауи Дата-орталығы пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда “PP Solutions” компаниясы жалпы жер көлемі 24 гектарды құрайтын аумақты қоқыстан тазартып, жөндеу жұмыстарына кіріскен. – Қазіргі уақытта “ҚазИнженерСтрой” ЖШС-нің мамандары тозығы жеткен 6 нысанға қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Ал “НПФ СевҚазЭнергоПром” ЖШС-і 300 МВт-тық станцияның жобасын жасауда. Заманауи орталықтың жанында қызметкерлерге …

ДАТА-ОРТАЛЫҚ АШЫЛМАҚ Read More »

АПАТТЫ ҮЙЛЕР ЖОЙЫЛАДЫ

Үстіміздегі жылы облыс орталығындағы төрт апатты тұрғын үй сүріліп, орнына 93 пәтерлік көпқабатты екі тұрғын үй салынады. Петропавл қаласының 2-ші Первомайский көшесінің тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Құмар Ақсақалов осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. – Біз былтыр қабырғасы құлаған 3 апаттық үйді сүрген болатынбыз. Қазіргі уақытта Петропавл қаласында тағы 17 апаттық тұрғын үй бар. Келесі жылы 5, …

АПАТТЫ ҮЙЛЕР ЖОЙЫЛАДЫ Read More »

ТАҒЫ БІР МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ

Биыл облыс орталығының Шоқан Уәлиханов көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында 900 орынға шақталған мектептің құрылысы қолға алынады. Қала әкімі Болат Жұмабековтың айтуынша, білім ошағы 2020 жылдың күзінде пайдалануға беріледі. – Соңғы жылдары өңірімізде мектепке баратын балалардың саны артуда. Егер 2017 жылы 7,6 мың бала бірінші сыныпқа барса, былтыр 9 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Осы …

ТАҒЫ БІР МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ Read More »

ПОТАНИН КӨШЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Петропавл қаласының Потанин көшесі аспан астындағы мұражайға айналмақ. Бұл туралы облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов хабарлады. – Петропавл қаласы Ойқала шағынауданынан бастау алатыны белгілі. Шаһардың ең көне ғимараттары негізінен осы шағынауданда шоғырланған. Көше бойында осыдан 150 жыл бұрын салынған кейбір жер үйлер мен нысандар бар. Үстіміздегі жылы тарихи құндылықтарды сақтау мақсатында …

ПОТАНИН КӨШЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ Read More »

БОЙЖЕТКЕНДЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Солтүстік таэквондошылар Екібастұз қаласында өткен дүбірлі додалардан жүлделі оралды. Жастар арасында өткен Қазақстан Кубогында 50 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Дарья Назарова арнайы техникада жеңімпаз атанса, жеке спаррингте үшінші орындарға ие болды. «Ekibastuz Open» халықаралық турнирінде қарсылас шыдатпаған жерлесіміз тағы екі алтын медальды қанжығасына байлады. Тағы бір жерлесіміз Наталья Бондаренко ел Кубогында 52 килограмм салмақ …

БОЙЖЕТКЕНДЕРДІҢ ЖЕҢІСІ Read More »

ЕКІ МИНИСТР ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Білім және ғылым министрі Күляш Шамшидинова  және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар бағдарламасы тығыз.

СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

Петропавлдықтар «Колизей» деп атап кеткен облыс орталығындағы Театр көшесінде орналасқан  сәулет ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары биыл басталмақшы. 30 жылдай жеке меншік қолда  болған  бір кездегі әсем ғимарат қамқорлық көрмей, біртіндеп  бүлініп, қаңғыбастардың мекеніне айналған болатын. Оны  сатып алған жергілікті кәсіпкер Андрей Исаковтың айтуынша, алматылық компания ғимараттың эскиздік жобасын жасап бітіріпті. Тағы бірқатар құжаттар әзірленуде екен. …

СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ Read More »

ОҢ ПІКІР БІЛДІРУДЕ

«Instagram» желісіндегі екі сағаттық тікелей эфир барысында солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 67 сұраққа жауап берді. «WhatsApp» қосымшасындағы «қауырт желіге» екі сағат ішінде жиырмадан астам сұрақ келіп түсті. Әлеуметтік желі пайдаланушылары жұмыстың осындай форматын қолдап, оң пікірлерін білдіруде. Сұрақтар көлік құралдарын тіркеуге, жүргізуші куәліктерін беруге, әкімшілік айыппұлдарды төлеу мен жол белгілерін орнатуға қатысты болды. Облыстық полиция департаменті …

ОҢ ПІКІР БІЛДІРУДЕ Read More »

ӘЛЕМНІҢ АЛТЫ ТІЛІНДЕ ШЫҚТЫ

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының алғашқы кітабы басылып шықты.  «12 сәуірде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының басталғанына екі жыл толды. Осы екі жыл ішінде Елбасы нақтылаған 6 жоба бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Басты мақсат — қазақ мәдениетін шетелге таныстыру.  Ұлттық мәдениетіміздің бар жетістігін әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосудың …

ӘЛЕМНІҢ АЛТЫ ТІЛІНДЕ ШЫҚТЫ Read More »

ЕКІНШІ ТОЛҚЫН КЕЛЕДІ

  Үстіміздегі аптада Петропавлға тасқын судың екінші толқыны жетеді деп күтілуде. Тасқын Ақмола облысы жағынан жақындап келеді. Облыс орталығындағы гидроторапта  өткен тәулікте судың деңгейі 24 сантиметрге көтерілгені байқалды. Бірер күнде Заречный  маңындағы саяжайларды су басуы мүмкін. Қызылжар ауданындағы Новониколькое селосы тұсында да судың деңгейі жоғарылауда.    

ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОРҒАЛУДА

Бүгін, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл датаны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.  Осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар.

ҚАЛА КӨРКІ — ЖАС КӨШЕТ

Сәуір айынан бастап облыс орталығын абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Биыл Қызылжарда 3400 түп көшет отырғызу жоспарланған.

ЛЕРА КУДРЯВЦЕВА

Ресейдің танымал тележүргізушісі, әнші, “ТЭФИ” сыйлығының иегері Лера Кудрявцева (шын аты Валерия) 1971 жылы Өскемен қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Болашақ жұлдыз бала кезінен танымал болуды армандаған. Ол орта мектепті бітіргеннен кейін Өскемендегі училищенің театр факультетіне оқуға түседі.

БЕЙНЕКАМЕРАЛАР КӨМЕГІ

Сыртқы бейнебақылау жүйесі – заң бұзушылықтармен күресте тиімді тетіктердің бірі. Жедел басқару орталығының операторлары камералар арқылы көшелер мен адамдар көп шоғырланатын орындарды, көліктер ағынын, ал учаскелік инспекторлар өз аумақтарындағы жағдайды бақылайды. Олар құқық бұзушылықтар кезінде жедел әрекет етеді. 

МІНДЕТТЕР ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУДА

Кеше “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс отызыншы конференциясы өтті. Өңір басшысы, партия филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов төрағалық еткен алқалы жиынға облыстық ведомстволардың басшылары, аудандар мен облыс орталығындағы бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.