«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.04.2019

ЖАСӨСПІРІМГЕ АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Облыс орталығында “Жасөспірім” жедел алдын алу шарасы аясында ювеналдық полицейлер учаскелік инспекторлармен және білім саласы мамандарымен бірге ойын-сауық орындарын аралады. Нәтижесінде 11 әкімшілік хаттама толтырылды. Төрт бірдей кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген. Сондай-ақ, бес жасөспірімнің ішімдік ішкені анықталды. Петропавл қаласындағы 11 ойын-сауық орталығы, сегіз компьютерлік клуб, алты букмекерлік кеңсе тексерілді.  

ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Облыстық сотта “Qrcode” қызметі іске қосылды. Енді азаматтар QR-код арқылы облыстағы соттардың мекенжайы, қабылдау кестесі, мемлекеттік баж салығының деректемелері жөнінде ақпарат алып, «Сот кабинеті» қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие. Ол үшін смартфонның бейнекамерасы арқылы штрих-кодты сканерлеп, экранда шыққан сілтеме бойынша қажетті ақпараттар көрсетілетін соттың парақшасына өте алады. Сот жүйесіндегі жаңашылдық туралы мәлімет облыс соттарының ғимараттарында орналастырылған.

ALTYN OIMAQ – ДИЗАЙНЕРЛЕР БАЙҚАУЫ

Жуырда “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен “Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау” қоры отандық дизайнерлер арасында “Altyn oimaq” байқауын жариялаған болатын. Петропавл қаласына жұмыс сапарымен келген жобаның жетекшісі Диана Ботаева жергілікті тігіншілірмен кездесіп, байқаудың шарттарын түсіндірді.

ЕРЕКШЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНУДА

Облысымызда шыны шөлмектен тағы бір жылыжай салынуда. Өңірдегі ерекше нысан шал­ғай­дағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданың Нежинка ауылында бой көтеруде. Жылыжай “Нежин­ка-Ерке” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұрат Жұма­бе­­ковтың бастамасымен тұрғызылуда. Шаруашылық жетекшісі ғимараттың жо­­басын ғаламтордан алып, жер­­гілікті жердің климатына ың­­ғайластырған. Жыл соңында пайдалануға берілетін нысанның құрылысына қажетті шыны шөлмектің 100 мыңға жу­ыға жиналған. Жер­гілікті кәсіпкердің тың …

ЕРЕКШЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНУДА Read More »

ГАЗ-БАЛЛОНЫ ЖАРЫЛДЫ

20 сәуір күні Петропавл қаласының Жұмысшы кентіндегі тұрғын үйде газ жарылды. Жеке бас қауіпсіздігі ережелерін елемеудің салдарынан денесін күйік шалған 55 жастағы үй иесі №3 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жарылыс салдарынан баспананың шатыры мен қабырғалары бұзылды.

БАЛАЛАР БӘСЕКЕСІ

Петропавл қаласында “Мен – чемпионмын!” балалар спорттық ойындарының облыстық кезеңі аяқталды. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған спорттық шараға өңір мектептерінен 150-ден астам оқушы қатысты. Ақтық сында Есіл және Ақжар аудандарының командалары кездесті. Бұл бәсекенің нәтижесін газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.  

ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Арада қанша жыл өтсе де отты жылдардың жарасы әлі жазылған жоқ. Бірін асыл жарынан, бірін бауыр еті баласынан, енді бірін асқар тауы әкесінен айырған сұм соғыста қаза тапқан қаншама тағдыр қыршынынан қиылды. Ұлы Отан соғысынан қара қағаз алып, қайғы құшқан отбасылар өз алдына, із-түссіз жоғалып кеткендер қаншама? Жауынгерлер туралы тың деректерді іздеп табу үшін “Саланг” …

ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ Read More »

САХНАГЕРЛЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған IV халықаралық “BALAUSA” экспериментальді спектакльдер фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Сәуірдің 16-21-ы күндері Ақтөбе қаласында театр ұжымдары арасындағы өнер додасы тартысты өтті. Өзбекстан, Армения, Татарстан елдері мен Ақтөбе, Көкшетау, Алматы қалаларының театрлары қатысқан фестивальде жерлестерімізге жеңіс тұғырынан көріну оңай болған жоқ. Мағжан Жұмабаевтың …

САХНАГЕРЛЕРДІҢ ЖЕҢІСІ Read More »

АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Сенбі күні Петропавлдағы Жеңіс саябағында мемлекеттік қызметшілер ағаш отырғызып, демалыс орнын көгалдандыру ісіне атсалысты. 

ЕКІНШІ ТОЛҚЫН ЖЕТТІ

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметтері бойынша, Ақмола облысы жақтан жеткен тасқыннан Сергеев су қоймасында судың деңгейі екінші қайта көтеріліп, бөгеттен 121 сантимер асты. «Челябі-Новосібір» бағытындағы жолдың Заречный кенті тұсындағы учаскесін су басып кетті. Осыған байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылып, тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде. Петропавл маңындағы үш бағбандар қоғамына қарасты 100-ден астам саяжай суда қалды. Есіл бойындағы …

ЕКІНШІ ТОЛҚЫН ЖЕТТІ Read More »

ҰСЫНЫС ЖОЛДАНДЫ

Аудандық жұмыспен қамту орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетудегі әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында «Құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізілді. 

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ МӘЙЕГІ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Ғасырлар музыкасы” атты көрме ашылды. Халық шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық білім мен тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған көрмеде жұртшылық назарына сан түрлі ұлттық аспаптар ұсынылды.

ТІЛ ҮЙІРЕР «ТӘТТІ КІТАП»

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде “Тәтті кітап” байқауы ұйымдастырылды. Ерекше байқауға 75 үміткер қатысты.

ӘСЕРИ ӨМІРДІҢ ӘЛІППЕСІ

Бүгінде түрлі жағдаймен біржылдық әскерге бара алмайтын жастарға мемлекет оңтайлы мүмкіндік ұсынып отыр. Еліміздің әр түкпірінде ашылған Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде қырық күннің ішінде азаматтық борышты өтеуге болады. Қарулы Күштер қатарына резерв даярлауда Петропавлдағы мектеп табысты жұмыс істеуде.

ЕҢБЕКПЕН ШЫҢДАЛҒАН

Біз қай кезде де аға буынды үлгі тұтып өскен ұрпақпыз. Қазір де алдымызға жиі қараймыз. Сондайда ағалар тобынан Жүсіп Бәшіровтің тұлғасы да өзіндік бітім-болмысымен дараланып көрінері анық. Кешегі күні қоғамда белсенді, қолға алған ісін тиянақты түрде жеріне жеткізіп орындаған азаматтың бүгінде де сол қалпына селкеу түсірмей, жігерлі күйінде жүргені, әрине, көпшілік үшін үлгі боларлық жайт.

АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

1951 жылдың қысы болатын. Әке-шешем дүниеден өткеннен кейін жездем – Әбу Аяғанұлы мені Петропавл қаласының шетіндегі Вишневка деген жерде тұратын қайын ағасы Мырзахметтікіне әкелді. Жаймашуақ жаз бойы осында болдым. Ол кісі мені қаладағы қазақ мектеп-интернатына оқуға бермекші еді. Бірақ мектеп басшысы бастауышты орысша оқыған балаға білімін қазақ мектебінде жалғастыру қиын болады деп, қабылдамай қойды.