«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.04.2019

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Былтыр елімізде заңсыз жұмыстан шығарылған білім саласының қырық төрт маманы қызметке қайта алынса, солардың алтауы бұл мәселені сот арқылы шешіпті. Бұл жайлы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде өткен семинар барысында өңірімізге жұмыс сапарымен келген білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева мәлімдеді.

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ

Аға буын өкілдері қашан да қоғамдық өмірге белсене араласып, еліміздегі маңызды оқиғалар мен игі бастамаларға үн қосып келеді. Облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кезекті отырысында ұйым төрағасы Ескендір Елеусізов республикалық ардагерлер ұйымының Орталық кеңесі осы жылдың 9 маусымында Президент сайлауы өткізілетінін бірауыздан қолдап, үндеу жариялағанын айта келіп, жиналғандарды ел болашағы үшін маңызы зор саяси науқаннан тыс …

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ Read More »

ҒАРЫШКЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектептің алдында әлемдегі тұңғыш ғарышкердің ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға ғарышкер-ұшқыш, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев, экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков, облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты.

ЕРЕЖЕНІ ЕЛЕМЕГЕН ӨКІНЕР

Өрт қауіпсіздігін елемеудің салдарынан биылғы жылдың басынан бері өңір аумағында 167 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында ведомство бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев мәлімдеді.

«КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ» НӘТИЖЕЛІ

Жыл басынан бері Петропавл қаласының полицейлеріне «Көршілер бақылауы» бағдарламасы бойынша қалалықтар  206 рет хабарласты. Тек 23 жағдайда ғана мәлімделген деректер дәлелденбеді, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ

«Nur Otan»  партиясы облыстық филиалында өткен кездесуде Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері 9 маусымға белгіленген Президенттік сайлаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, Елбасы бастаған экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардағы өзгерістер жаңа кезеңде өз жалғасын табуы тиіс. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын,  «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – Ел …

ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ Read More »

ҚАЛА КӨРКЕЙЕ ТҮСЕДІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өңір басшысы ең алдымен “Жас өркен” шағынауданында болды. Қазір бұл жерде жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Мұхамедиевтың айтуынша, 2016 жылмен салыстырғанда былтыр жаңа үйлердің үлесі 2,7 есеге артық.

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Облыс орталығында героин таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Еліміздің оңтүстік аймақтарынан Петропавл қаласына марихуана жеткізу арнасы анықталып, жойылды.  Заңсыз айналымнан 73 килограмнан астам әртүрлі есірткі заттары алынды, оның 71,9 грамы героин.  Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыс полицейлері  есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында 93 құқық бұзушылығын  анықтады. -Жастарды нашақорлыққа тартуға қарсы күреске  адамдардың бейжай қарамауы …

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ Read More »

ТҰРМЫСТЫ ТҮЗЕУ — БАСТЫ ТАЛАП

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының ХVIII съезінде тұрмысы төмен отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жаңа əлеуметтік шараларды жүзеге асыру міндетін қойған болатын. Олардың іске асырылу барысын түсіндіру мақсатында өңірімізге жұмыс сапарымен Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова бастаған үкіметтік топ мүшелері келді. Оқушылар сарайында өткен алқалы жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, жергілікті атқарушы органдардың, ірі …

ТҰРМЫСТЫ ТҮЗЕУ — БАСТЫ ТАЛАП Read More »

ТӨРТ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Кеше, 21 сәуір күні Мамлютка қаласының Скачков көшесіндегі 12-ші үйде өрт шықты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. Мамлюткадағы №15 өрт сөндіру бөліміне хабар келіп түсімімен, құтқарушылар 3 минуттың ішінде оқиға орнына жетті. Көршілері өрт болып жатқанын кеш аңғарса керек, бұл уақытта үй түгелімен отқа оранған еді. Өртенген үйдің ішінен қаза тапқан …

ТӨРТ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ Read More »

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯҒА КӨШІРІЛУДЕ

Петропавл қаласының көпқабатты тұрғын үйлеріндегі “Қазақтелеком” АҚ-ның абоненттері Интернет желісіне қатынаудың ADSL технологиясынан FTTH технологиясына көшіріледі.