«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.04.2019

АЛҒАШҚЫ КАНДИДАТ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ

Маусымның 9-да өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына кандидат ретінде «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Сәдібек Түгел кеше Орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсырды.

«NUR OTAN» ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН БЕКІТТІ

Бүгін  «Nur Otan»  партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің делегаттары Президент сайлауына түсуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бірауыздан қолдап, дауыс берді.   Съезд жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, өңірлерден сайланған делегаттар, жалпы 1500-ден астам адам қатысты. Үстіміздегі аптада тағы бірнеше партияның съездері өтеді. Ертең «Ақ жол» партиясы ұсынатын …

«NUR OTAN» ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН БЕКІТТІ Read More »

«БАЛА ДАУЫСЫ – 2019» БАЙҚАУЫНА КАСТИНГ ӨТІП ЖАТЫР

Облыс орталығында «Бала дауысы – 2019» балалар ән байқауының іріктеу кезеңі басталды. Еліміздегі балалар арасындағы ең ауқымды байқау жыл сайын Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Өңіріміздегі талантты өрендердің өнерін бағалайтын әділ қазылар алқасының құрамында танымал әнші, «SuperStar KZ» телебайқауының жүлдегері Әділжан Омаров бар.            …

«БАЛА ДАУЫСЫ – 2019» БАЙҚАУЫНА КАСТИНГ ӨТІП ЖАТЫР Read More »

ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ – ҚОСТАНАЙДА

«Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінде «Ордасы ұлы Абылайдың» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Шара аталмыш мәдени ұйымдар арасындағы ынтымақтастық меморандумының аясында жүзеге асып отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көптеген халықтар өз елдерінің өзіндік ерекшелігі бар елшісіне айналған ұлы бабаларының есімдерін бағалап мақтан етеді. …

ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ – ҚОСТАНАЙДА Read More »

ДАРТСТАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінде дартстан қала біріншілігі өтті. Оған білім ордалары және облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс жөніндегі орталығы клубтарының 14 командасы қатысты.

БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕР

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Білім және ғылым министрлігі мен “Болашақ” қауымдастығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлерге арналған STARTUP BOLASHAK “Менің арманым” сайысының іріктеу кезеңі өтті.

BALA TÁRBIESI — JAÝAPTY IS

Túrkistan qalasyndaǵy Iassaýı atyndaǵy Halyqaralyq qazaq-túrik ýnıversıtetinde “Rýhanı jańǵyrýdyń jarqyn joly – óskeleń urpaqty ulttyq qundylyqta tárbıeleý” atty respýblıkalyq siezd ótti. Bilim jáne ǵylym mınıstrligi, “Qazaqstannyń bilim jáne ǵylym álemi” jýrnaly jáne Túrkistan oblysynyń bilim basqarmasy uıymdastyrǵan sharaǵa elimizdiń túkpir-túkpirinen 800-ge jýyq pedagog qatysty.

ДӘСТҮРЛІ ӘН – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

Халқымыздың мұң-зары, қуанышы мен қайғысы ұлтымыздың бекзат болмысы көрініс тапқан дәстүрлі ән өнері – біздің асыл қазынамыз. Оларды сақтау, насихаттау тіліміз бен өнеріміздің болашағына бейжай қарай алмайтын әр қазақтың міндеті.

ЭПИЛЕПСИЯНЫҢ ЕМІ БАР МА?

Қазақстанда 70 мың адамға эпилепсия диагнозы қойылған, соның 28 мыңы – балалар мен жасөспірімдер. Бұл ресми дерек қана. Шын мәнінде, бұл дертке шалдыққан жандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені, талмасы бар екенін дәрігерлерден жасырып жүрген науқастар аз емес.

НЕКЕНІ ТІРКЕУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Елімізде “Электронды үкімет” порталын құру идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясында жария еткен еді. Содан кейін 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Электронды үкімет” қызметін дамыту бағдарламасы қабылданды, онда базалық инфрақұрылымын және оған қол жеткізу механизмдерін біртіндеп кеңейту мен дамыту міндеттері қойылды. Отбасын құратын жастар некені тіркеу туралы өтінішті интернет арқылы бере алады. Ол …

НЕКЕНІ ТІРКЕУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСІ Read More »

БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ

“Nur Otan”партиясының облыстық филиалы “Халыққа көмек” жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Евгений Глотов әлеуметтік желілер арқылы жүгінген азаматтарды қабылдады.

“C” ДӘРУМЕНІН ҚАЛАЙ ЖАЗАМЫЗ?

Осы тақырып төңірегінде “Жаңа әліпбиге “с” әрпі не үшін керек? (немесе роман-герман тілдерінен енген сөздерді қалай қабылдаймыз?)” деп аталатын мақаламыз БАҚ бетінде бұған дейін де жарық көрген болатын. Сөздің шыны керек, латын қарпіне көшіп бара жатқан жолда тұрқы жазу-сызуға таптырмас, жазба тіл тарихында тамырын тереңге тартқан “с” әрпін жоғалтып алғанымызға сене алар емеспіз.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Елордада  «Nur Otan»  партиясының кезектен тыс ХІХ съезі басталды. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Nur Otan»   партиясы атынан Президент сайлауына  түсуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. «Қазақстан жаңа кезеңге қадам басып отыр.  Биылғы 19 наурызда өздеріңіз білесіздер, мен президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. Еліміздің жарқын болашағы үшін осындай  оңай  емес шешім қабылдадым, ойланып-толғанып шешілген мәселе болды. Мемлекетті басқаруға …

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ Read More »

АЗАМАТ АСУЫ

Балдырған Ілиясовты жерлестері ұлағатты ұстаз, іскер басшы, табысты кәсіпкер ретінде жақсы таниды. Абыройлы азамат жақын күндері мерейлі алпыс жасқа қадам басқалы отыр. “Жақсы сөз – жарым ырыс” дегендей, осы кісі туралы жазайыншы деп қолыма қалам алдым.

ТҰРҒЫНДАР СЕНІМІ ҚЫМБАТ

Петропавлда Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Полиция органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған жиынға облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, аталмыш кеңестің төрағасы Марат Қоғамов және Қазақстанның адвокаттар одағының президенті Әнуар Түгел қатысты.

ТҰРМЫСТЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ

Бүгінде елімізде халықтың аз қамтылған топтарының табысын арттыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылуда. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан аспайтын отбасылар аз қамтылғандар санатына жатады. Мұндай отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрлерінің бірі ақшалай жәрдемдесу және жұмыспен қамту болып табылады.

МАМАН ДАЯРЛАУ МАҢЫЗДЫ

Бүгіндері ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін жетілдіру және кадрмен қамту мәселелерін оңтайлы шешу дұрыс жолға қойылған.

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

Баспасөз беттерінде мұғалім беделі және шәкірт тәрбиесі тақырыбында мақалалар жарияланып жүр. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” демекші, әрбір ата-ана үшін баласы ардақты болғанымен, тәрбие одан да қымбат болуы тиіс. Тәрбиесі жоқ шәкіртке жақсы ұстаздан пайда жоқ. Яғни, әр баланың ең бірінші ұстазы – оның ата-анасы, атасы мен әжесі. Олар балаға, ең алдымен, …

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ Read More »

БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

– Соңғы күндері Шал ақын ауданындағы Сергеевка су қоймасындағы судың деңгейі жоғарылауда. Бүгінде нысан 113,5 пайызға толып, су шекті белгіден 80 сантиметрге асты. Бұған өткен аптада ауа райының күрт салқындауының да әсері болды. Ал келесі апта жауын-шашынды болады. Сондықтан көктемгі су тасқынынан қауіп күшейе түседі, – дейді “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры Қымбат …

БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ Read More »