«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.04.2019

АВТОНЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьевтің айтуынша, 4 проценттік автонесие әрі  кетсе, бір айдың ішінде беріле бастайды.   

ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.  Адамдар су тасқыны, жер сілкінісі мен өрттен көп жапа шегеді. Осындай төтенше жағдайлардың  алдын алу туралы “Қызыл Ай” қоғамы облыстық филиалының өкілдері колледж,мектеп оқушыларымен кездесу барысында айтты. “Қызыл Ай” қоғамы облыстық филиалының директоры Сәуле Оразова жеткіншектерге төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға және қоғамның әлжуаз топтарына көрсетілетін көмек …

ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

ТҮН ОРТАСЫНДА ҚҰЛАП ҚАЛДЫ

Бүгін түнгі сағат 01.30 шамасында Тайынша қаласындағы  №1 орта мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысан опырылып түскен.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде мектеп оқушылары, студенттер және магистранттардың арасында өткен облыстық байқау және география пәнінен қашықтықтықтан ұйымдастырылған олимпиадасының қорытындысы жарияланды.

ДАНА АҚТЫҚ САЙЫСҚА ҚАТЫСАДЫ

Кеше Петропавлда  өткен «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының кастингінде қазылар алқасы тоғыз жасар петропавлдық өнерпаз Дана Бәсекенованың өнерін жоғары бағалады.

ЖЕЛАЯҚТАР АРАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жеңіл атлетикадан Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында солтүстікқазақстандық екі спортшы Қазақстан командасының қоржынына қола медальдар салды. 400 метр қашықтыққа жүгірген Михаил Литвин мәреге үшінші болып келді. Ал Маргарита Мұқашева  800 метр қашықтыққа жарысқандар арасынан қола жүлдегер атанды.  

“ЭКСПРОМТ” БИ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ

Киелі сахнада отыз жыл өнер көрсетіп, көрермендердің құрметі мен қошеметіне бөленген “Экспромт” халықтық би театрының бүгінгі жетістігін ауыз толтырып айтуға болады. Өнерпаздар тұрғындарға тамаша кеш ұсынып, ұмытылмас әсер сыйлады.

ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды Фейсбуктегі жеке парақшасында облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады. 70 келіге дейінгі салмақта күресетін Нұрқожа Қайпанов  финалда жапониялық спортшыны 9:0 есебімен таза жеңді.    «Бұл облыс тарихында еркін күрестен қоржынға түскен алғашқы алтын жүлде. Нұрқожаны, оның бапкерін және бүкіл солтүстікқазақстандықтарды маңызды жеңіспен құттықтаймын!», — деп жазды …

ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ Read More »

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Операция облыс орталығында ғана емес, үш күн бойы облыстың барлық 13 ауданында жүргізілді. Операция аясында Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бескөл ауылындағы көпбалалы отбасылардың біріне қайырымдылық көмек көрсетті. Ақсариндер отбасында төрт ұл өсіп келеді. Үлкені 13-те болса, көпейлері 3 жаста. Оларды аналары тәрбиелеуде. Оқуларын жақсы оқып, ұмтылыстарын арттыру үшін …

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ Read More »