«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.04.2019

АЛЕКСАНДР ЕРЛЕДІ

Жерлесіміз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Францияның астанасы – Париж қаласында өткен 43-ші халықаралық марафонда бақ сынады.

ЕРЕКШЕ ЖАРЫС

Осымен 56-шы рет ұйымдастырылған ерекше жарыста ерлер иықтарына 50 килограмм көмір салынған қаппен 1 шақырым жүгірді. Нәтижесінде мәре сызығын Эндрю Корриган есімді азамат 4 минут 32 секундта кесті. Ол 750 фунт стерлинг сыйақыға ие болды.

ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА — ЖИЫРМА АЛТЫН

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы аяқталды. Жеті мемлекеттен 200-ден астам балуан сынға түскен додада қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті.

ЖЕЛАЯҚ ФУТБОЛШЫ

Франция біріншілігі аясында “ПСЖ” мен “Монако” арасында ерекше нәтиже тіркелді.

«КЕЛІНГЕ КЕЛІН БОЛСАҢ, ЖАҒАСЫҢ»

Көршіміз Гүлзейнеп апай жан дегендегі жалғыз келінінің босанғанын сүйіншілеп, ауылдың нәзік жандарын бірін қалдырмай, шілдеханаға шақырды. Өйтпегенде қайтсін? Бұл қуанышты аттай он жыл бойы күткен еді. Алла сабырлының жағында деген сөз рас екен, шекесі торсықтай ұл келді өмірге. Ауылда мұндай жиынның өтпегеніне біраз болып еді. Көптен көріспеген ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектер бір-бірлерінен амандық-саулық сұрасып қауқылдасып …

«КЕЛІНГЕ КЕЛІН БОЛСАҢ, ЖАҒАСЫҢ» Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ

Облыстық филармонияның әртістері классикалық музыка бойынша Латвия елінде өткен “VIVA-MUZIK” халықаралық байқауынан жүлдемен оралды. Латвия, Ресей, Болгария, Литва, Эстония, тағы басқа мемлекеттердің өнерпаздарын бір арнаға тоғыстырған фестивальде облыстық филармонияның жеке орындаушылары еліміздің намысын абыроймен қорғады. – Рига қаласында өткен байқауда кіл мықтылар сайысқа түсті. Қатысушылардың кәсіби дайындығы жақсы болды. Еліміздің атын шығаруға біз де тырыстық. …

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ Read More »

ТАБЫС ТАБУ КІМНІҢ МОЙНЫНДА?

Отбасында ерлі-зайыптының тапқан табыстарының ортақ болуы – заңды. Бұл шаңырақтың берік, ауызбіршілігі мығым болуының бір көрсеткіші. Мұны түсінбейтін жас жұбайларды арагідік кездестіріп қалатынымыз жасырын емес. Оқырмандарымыздың арасында осы мәселе төңірегінде сауалнама жүргізген едік.

САҒЫНЫШЫМ СЕЙІЛМЕЙДІ

Өмірде қуаныш пен қайғының, жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның, бақ пен сордың Ай мен Күндей алмасып отыратыны заңдылық. Бірде қамығасың, бірде сағынасың, бірде жаның жабырқайды.

ТӘРБИЕ — ТАЛБЕСІКТЕН

Біздің колледж ұстаздары сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұрпақ бойында ұлтжандылық пен отаншылдық қасиеттерді қалыптастыруға көп көңіл бөліп отыр. Өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, елжанды, отансүйгіш тұлғаларды тәрбиелеп шығару мақсатында Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде “Инабат” және “Менің отбасым” үйірмелері жұмыс істейді. Жуырда “Менің отбасым” үйірмесінің мүшелері “Отбасы …

ТӘРБИЕ — ТАЛБЕСІКТЕН Read More »

ӘУЛЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Әрбір адам баласы үшін ана – аяулы жан. Себебі, адамзатты мойындатқан ғалымдар да, тарихқа есімі алтын әріптермен жазылған ақын-жазушылар да анадан туады. Олардың қайсарлығы, даналығы талай әңгіме-дастандарда жырланды емес пе?! Арамызда елге сыйлы, туған-туыстарына қадірлі аналар аз емес. Солардың бірі – “Алтын алқа” иегері Ақнұр Құрманбаева.

БАСПАНАЛЫ БОЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

“Nur Otan” партиясының XVIII съезінде көпбалалы, табысы тө­мен отбасылар, сондай-ақ, мүмкіндігі шек­­теулі бала тәрбиелеп отырған ана­лар үшін баспанаға қол­жетімді­лікті арттыру мақсатында Үкіметке Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі арқылы жыл­дық үстемеақысы 2-3 пайыз бола­тын бағдарлама жасау тапсырылған бо­латын.