Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Меркель голландиялық клубтың капитаны атанды және енді ол Еуропа лигасында өнер көрсететін болады.
“Хераклес” Голландия чемпионатының соңғы 33-ші турында сырт алаңда “ПСВ” командасымен кездесті. Бұл кездесуде отандасымыз қосалқы құрамда қалған Тим Брейкерстің орнын басып, алаңға капитандық белгімен шықты. Бірінші болып есепті қонақтар ашты. Алайда, бұдан кейін “ПСВ” үш гол соғып, жеңіске қол жеткізді.
Былтыр жазда “Хераклеске” ауысқан 27 жастағы Александр Меркель биылғы маусымда 32 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас беріп, 7 рет сары қағаз алды. Отандасымыз бұған дейін Австрияның “Адмира Ваккер”, Германияның “Бохум”, Италияның “Удинезе”, “Дженоа” және “Милан”, Англияның “Уотфорд” және Швейцарияның “Грассхопперс” клубтарының құрамында өнер көрсеткен болатын.