«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОТ БАСҚАН СНАРЯД ТАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданында бақташы  Большая Малышка ауылының маңынан снарядқа ұқсас  затты тауып алып, жергілікті полиция бөліміне хабарласты. Келіп жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұзындығы 30 миллиметр, моделі белгісіз, жарылғыш снарядтты анықтап, тәркіледі.

Облыстық полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының қызметкерлері снарядты жарылу қаупі бар заттарды уақытша сақтау және тасымалдауға арналған контейнерге салып, келесі күні  ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының әскери полигонында  жойды. 
Жыл басынан бері облыс аумағында жарылу қаупі бар қару алғаш рет анықталып отыр. Снарядтың үстін тот басқан, таңбалық жазбалар да сақталмаған, осыған байланысты оқ-дәрінің нақты жасалған күнін анықтау мүмкін болмады. Алайда, снаряд азаматтық соғыс уақытынан жатуы мүмкін  деген болжам бар.
 Өткен жылдары солтүстікқазақстандық полицейлер бірнеше рет Жамбыл, Мамлют, Қызылжар аудандары және  Петропавл қаласы аумағынан  табылған  көне оқ-дәрілерді  жойған еді. Табылған қарулардың барлығы өткен ғасырдың бірінші жартысында жасалған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp