«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛАУАЗЫМДАР ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтіп,   бұрын сотталғандармен  және шартты түрде босатылғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу мәселесі  кеңінен талқыланды. 

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, аталған санаттағы тұлғалар полицейлердің ұдайы бақылауында. Жыл басынан бері екі мыңнан астам тексеріс жүргізіліп, оның барысында 58 заң бұзушылық анықталды. Учаскелік полиция инспекторларының ұсынымы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 22 тұлға түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін түзеу мекемелеріне қайта қамалды. Қазіргі таңда полицейлердің профилактикалық есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған  – 440 адам, бұрын ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған 330 адам тұр. 

Аталған санаттағыларға әлеуметтік көмек көрсету және бейімдеу де өзекті мәселе. Жұмыс берушілер сотталған тұлғаларды еңбекпен қамтуға құлықсыз болса,   бостандыққа шыққандардың дені   кездейсоқ табыспен  күн көргенді қалайды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы аталған тұлғаларды  жұмысқа мәжбүрлеп орналастыру шараларын қабылдау кезінде нормативтік құжаттарға сүйену қажеттілігін атап өтті. 
Отырыста полиция департаментіндегі лауазымдарды қысқарту мәселесі де қозғалды. Облыстық  жол-патрульдік полициясының 200-ден астам сержанты офицерлік құрам қатарына ауыстырылып,  10 пайыздан астам лауазым қысқартылыпты. 
–Бұл полицияға тән емес функцияларды қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, полицейлердің жаңа жұмыс форматы, мансаптықөсу жүйесінің өзгеруі – ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған,– деді полиция департаментінің  кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Руслан Тасимов. 
Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторингке  сүйеніп,  Жамбыл көшесінде орналасқан Оқушылар сарайы маңындағы жолдың жағдайы қала тұрғындарын алаңдатып отырғанын айтты.  Ол қоғамдық пікірді ескере отырып, аталған учаскеде жол қозғалысын өзгертуді ұсынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp