«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде дәрігердің нұсқауы бойынша берілетін дәрілік заттарды рұқсатсыз сатуға шектеу қойылған. Өйткені олардың кейбірі азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Қазақстанда 7792 дәрі-дәрмек бар. Соның 6033-і дәрігердің нұсқауы бойынша беріледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

Отырысқа қатысқан фармация комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау, мемлекеттік қызметтер және фармацевтикалық инспекторат бөлімінің басшысы Айгүл Такеева нұсқау бойынша берілетін дәрі-дәрмектерге кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, диагностикалық, стационарлық жағдайда ғана қолданылатын дәрілік заттар мен адам өміріне қауіп төндіретін өзге де препараттар дәрігердің рұқсатымен босатылады. 
– Қабынуға қарсы (антибиотик) дәрілердің қолданысқа енуі медицинаның озық жетістігі болып саналады. Адамдардың өмірін құтқару үшін қолданылатын қабынуға қарсы кейбір дәрілік заттарды тиімсіз пайдалану аллергиялық реакция тудырып, бронх демікпесін, жүрек, бауыр, бүйрек ауруларына шалдығуға әкеп соғады. Қабынуға қарсы дәріні қолданудың алдында дәрігермен кеңесіп, аурудың диагнозын анықтап алу қажет, – деген Айгүл Қайыржанқызы осындай препараттарды жүйесіз қолдану ағзаның қорғаныш қызметін бұзып, аурумен күресу деңгейін төмендететінін жеткізді. Дәріханаларда дәрі-дәрмекті босатудың жаңа тәртібіне қатысты барлық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp