«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің қызметкерлері қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Оған денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс және жеке сектор саласындағы 25 ұйым қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Департамент мамандары жұмыс іздеп келген азаматтарға мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндіріп, мемлекеттік органдардағы бос орындар туралы ақпарат таратты.
СҚУ колледжі түлегі Айнагүл есімді бойжеткен мемлекеттік қызметші болғысы келетінін айтып,  көмек сұрады. Ол заңдар бойынша тестіні ойдағыдай тапсырып, жеке қасиеттерді бағалау сынынан да сүрінбей өткен. Біз оған қай мемлекеттік органда бос жұмыс орны бар екенін айтып, конкурстық рәсімдерге қатысу мерзімі мен талабы бойынша ақпарат бердік.
Осындай іс-шаралардың нәтижесінде тұрғындармен тікелей кездесіп, оларды мемлекеттік қызметшілер қатарына тартуға мол мүмкіндік туып отыр.


Әлпия МҰХАМЕДЖАНОВА,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp