Солтүстік Қазақстан облысында “Қаңғыбас” жедел-алдын алу шарасы өтуде. Бұл жұмыстың басты міндеті – осы санаттағы адамдарға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жүрген жерлерін, айналысатын ісін тексеру.
Шара өткізілген 2 күннің ішінде облыс бойынша полиция бөлімдеріне 130 тұрақты мекенжайы жоқ тұлға жеткізілді. Олардың бәрі фотоға түсіріліп, дактилоскопиядан өткізіліп, әр қайсысынан геномдық есеп үшін биологиялық материал алынды.
– Жедел алдын алу шарасы барысында екі із-түссіз жоғалғанадамжәне пробация қызметінің бақылауынан жасырынып жүрген үш қылмыскер анықталды. Осылайша, былтырғы жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған Қызылжар ауданының 1986 жылы туған тұрғыны табылды. Көктем шығысымен қаңғыбастыққа салынған ол Аққайың ауданынан табылды. Енді оған қатысты бостандығын шектеуден нақты қамауға алу мәселесі қарастырылатын болады, – деді облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов.
Соынмен қатар, кіреберістен велосипед, жылу трассалары металл қаптамалары мен басқа да заттарды ұрлау сынды бес мүліктік қылмыс ашылды. Жалпы екі күн ішіндетәртіп сақшыларыбарлығы 213 жертөлені, 124 кәріз қақпағын, 223 қараусыз қалған ғимаратты, 202 үйдің шатырын, 59 қоқыс орнын тексерді.