«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ОҚИДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10-сынып оқушылары мектеп қабырғасында кәсіпкерлік негіздерін оқитын болады. Бұл туралы Елордада өткен “Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім” атты ІІІ халықаралық форум барысында Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова хабарлады.

– Біздің министрлік “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқушыларға арналған “Кәсіпкерлік негіздері және бизнес” атты оқу бағдарламасын әзірледі. Бұл пән өткен жылдан бастап қанатқақты режімде апробациядан өткізілуде. Жобаға таңдалып алынған мектептердің 10-сынып оқушылары қатысуда. Ендігі кезең – орта мектептердің 10-сынып оқушыларына “Кәсіпкерлік негіздері және бизнес” пәнін жаппай оқыту. Ал 2020-2021 оқу жылында бұл пәнді 11-сыныптың  оқушылары да оқитын болады”, – деді вице-министр.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp