Бүгін түс әлетінде Петропавл қаласының маңайындағы «Ракета» саяжай кооперативінде өрт шықты. Онда қоқыс шөп отқа оранды. Оқиға орнына қалалық №2 және №3 арнайы өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері шақыру бойынша жетіп, дереу өртті сөндіруге кірісті. Секундына 21 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан, қызыл жалынмен күрес оңайға түскен жоқ. Қазір оқиға орнында 13 техника жұмыс істеп жатыр. 5 саяжайды тілсіз жау жалмады.