«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» СЫҢҒЫРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Соңғы қоңырау» салтанаты өтті. Мектеп бітірушілердің кешіне облыс əкімінің орынбасары Руслан Əлішев, білім саласының басшылары мен ата-аналар қатысты.

Биыл аталмыш білім ордасын 87 өрен тамамдағалы отыр. Олардың қатарында сегіз “Алтын белгі” жəне сегіз ерекше үлгідегі аттестат үміткері бар. Мектепте  жүлделі орындардан көріне білгендердің бірі – Айдын Тайшыбайға Гонконг қаласының жоғары оқу орнында білім алу жөнінде ұсыныс түскен.   Биыл білімді жас Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық Менделеев олимпиадасында үздік нəтиже көрсеткен. Айдын болашақта биомедина саласының инженері болуды армандайды.

Салтанатты шара барысында мектеп бітірушілермен қатар үздік білімімен көзге түсіп, қоғамдық шараларға белсенді қатысушы өзге сыныптардың оқушылары да марапатқа ие болды. Ата-аналардың атынан лебіз білдірген Петропавл қаласының тұрғыны Еркін Сералин ұстаздар қауымына алғысын айтып, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған балаларға ақ жол тіледі. Бұл туралы  ақпаратты толығымен  газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp