«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мəслихатында жазғы демалыс орталықтарының жұмысы жəне Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шаралар барысы əңгіме арқауына айналды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопованың айтуынша, мектеп оқушыларына арналған демалыс орындары 10 маусымнан өз жұмысын бастайды. Лагерьлерде 44 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген. аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың алаңсыз демалысы үшін 70 млн. теңге бөлінсе, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан 191 оқушы да бұл лагерьлерде тегін демалмақ.

Білім сайыстарында топ жарған талапты жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша да арнайы жоспар əзірленген. Биыл қосымша 312 клуб ашылмақшы. Балалар осы клубтар құрамында Ботай, Шалқар, Имантау сынды өңіріміздің киелі жерлерін аралайды. Сондай-ақ, облысымыздың 480 мектебінде 1-4 сынып оқушыларына арналған “Бақытты балалық шақ” атты шағын алаң ашу көзделген.

Былтыр 13 адамның суға кеткенін ескерткен құтқарушылар  балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp