“Таза жағалау” акциясына қатысқан 80-ге жуық студент облыс орталығындағы Пестрое көлі маңын қоқыстан тазартты.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Андрей Славныйдың айтуынша, акция барысында бір тоннадан астам қоқыс жиналды. Алдағы уақытта Есіл өзенінің жағалаулары және Мещан орманында осындай шара өткізу жоспарланған.
Акция қорытындысы бойынша Пестрое көлін қоқыс қалдықтарынан тазартуда белсенділік танытқан Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттері бірінші орынға лайық деп танылды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері екінші, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің шәкірттері үшінші орынды қанағат тұтты.
Үздіктер қатарынан көрінген жастарға дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.