Өңірімізге жұмыс сапарымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов екеуі Петропавл қаласында орналасқан көші-қон қызметтер орталығына барып, жұмысымен танысты. Шетелдіктерге құжаттарын реттеуге қолайлы жағдай жасалған орталық осыдан екі жыл бұрын ашылған болатын. Қазіргі таңда орталықта 12 қызмет түрі көрсетіледі. Сонымен қатар бұл жерде нотариус, сақтандыру агенттері, аударма бюросы, медициналық орталық бар.
Орталықтың ішін аралап көрген Алик Шпекбаев оның жұмысына оң бағасын беріп, кейбір мәселелер бойынша ұсыныстар айтты. Әсіресе, ғимаратты тиімді пайдалануға баса назар аударды.
Осыдан кейін саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында Спорт сарайында қызметшілер және қоғам өкілдері арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Ал ертең Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысқаннан кейін, Шал ақын ауданына барады.