«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті қоғамдық бірлестіктер мен әйелдерді қолдау орталықтарының өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы аясында жиын өткізді. 

 Тәртіп сақшылары атап өткендей, жыл басынан бері күш көрсету салдарынан жәбір көрген 12 адамға құқықтық көмек көрсетілген. Соның ішінде жетеуі – кәмелетке толмағандар. Полицейлерді соңғы екі жыл ішінде әлімжеттік көрсету фактілерінің жиілей түскені де алаңдатады. Әйелдерді қолдау орталығының қызметкері Татьяна Усманова алдын алу шараларымен ғана бұл мәселені түп-тамырын жою мүмкін еместігін алға тартады. Оның пікірінше, жәбір көрген жандар зорлық-зомбылық фактілерін жасырмай, құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгінуі тиіс. “Әйелдер шаңырағында болып жатқан жағдай туралы тіс жармайды. Соның кесірінен өзі де, балалары да көп зардап шегеді. Бұл іспен айналысатын учаскелік полицейлер жәбірленушілердің өз атынан шағым түспесе, жабық есік артындағы жағдайға араласа алмайды”, – дейді маман.

(Сурет yandex.kz сайтынан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp