Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Талғат Шымкентбайұлы Әліқұлов Солтүстік Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Талғат Әліқұлов 1968 жылы Шымкент облысындағы Киров ауданының Киров кентінде туған. Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсіп технологиялық институтын және Д.А.Қонаев атындағы университетінің «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. Қазір Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушысы.
Өзінің әскери қызметін 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби қалалық әскери комиссариатында бастаған.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болған.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі
департаменттің баспасөз кызметі.