«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУДАН ҚАТЕР МОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаздың шуақты күндерінде бос уақытын өзен-көлдердің жағасында өткізетіндер аз емес. Өкінішке қарай, осындай сәттерде қауіпсіздік ережелері сақталмай, демалыс қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.

Суға кетіп, мерт болу фактілері жыл сайын қайталанып отырады. Алайда, біз мұндай жағдайға бейжай қарамауымыз керек.
Облыс тұрғындарының көпшілігі суға шомылу барысында жеке бас қауіпсіздігіне онша мән бермейді. Ал салғырттық салдары су түбіне тартады.
Ереже бойынша тек рұқсат етілген жерлерде әрі түбі тегіс жағалауларда ғана шомылуға болады. “Ащы суды” сіміріп алып, түнгі уақытта немесе жалғыз суға түсуге тыйым салынады. Шомылғанда міндетті түрде құтқарушы жейдесі немесе адамды су бетінде ұстап тұратын басқа да құралдар болу қажет.
Балық аулағанда да аса сақ болған абзал. Қайық аударылса, балықшылардың өміріне қауіп төнеді. Себебі, өте жақсы жүзе алатын адамның өзі қиын жағдайға тап болғанда, абыржып, сасқалақтайды. Ал су болған киім оны көлдің түбіне тартады. Көбіне түн ортасында әрі жалғыз балық аулауға шығатын балықшыларға аса қажетті қауіпсіздік кеудешелері үлкен шығынды керек етпейді.
Балық аулағанда және суға шомылғанда ішімдік ішу қауіпті ұлғайтып, дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды. Жүзуге тек судағы қауіпсіздік шараларының талаптарына сай жабдықталған, ақаусыз құралдарды пайдалану керек. Сондай-ақ, тұрғындар ағысы қатты, терең жерлерде шомылмаулары тиіс.
Адамдарға көмекке келген кезде де қауіпсіздік ережелерін сақтаған маңызды. Суға батып бара жатқан адам кез келген жолмен аман қалуға тырысатындықтан, құтқарушыға қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай жағдайда адамның арт жағынан келіп, кеудесінен құшақтап немесе шашынан ұстау керек. Артынша арқаға жатып жүзу арқылы жағаға қарай беттеген жөн. Адамдарға жақындамау үшін бұтақ тәрізді заттарды қолдануға болады.
Балық аулау және су жағасында демалу кезінде ұқыпты болу – үлкен-кіші есінен шығармауы керек қағида. Әсіресе, ата-аналар балаларын көзден таса қылмаулары қажет. Сондықтан жағажайларға барғанда судан 10-15 метр алшаққа орналасқан жөн.

Кенжебек ҚОЖАХМЕТОВ,  Қызылжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,  азаматтық қорғау лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp