«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕС БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Samruk-Kazyna Trust” қоры “ӘРЕКЕТ” жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөліп отыр. Байқау шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 3 млн. теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады. С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада аталмыш байқаудың ережелері мен талаптары түсіндірілді. “Біз коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға әзірміз. Азаматтық қоғамды дамытып отырған жобалар қаржылай тұрақты болуы тиіс. Конкурсқа қатысудағы басты талап жобалар – әлеуметтік болуымен қатар тұрақты табыс әкелуі тиіс”, – деді “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының менеджері Ирина Дүйсенева. 

Гранттық байқауға қатысуға тілек білгендердің бірі– Есіл ауданының мүмкіндігі шектеулі азаматтар бірлестігінің төрағасы Виктор Кривошеев. Ол әлеуметтік такси көлігін сатып алып, аудан орталығындағы арбаға таңылғандардың жүріп-тұру мәселесін шешуге ниетті. “Арнайы жабдықталған көліктің құны– 1,5-2 миллион теңге. Оны сатып алу үшін көп жерден қаражат сұрадым, бірақ бұл ұмтылысым әзірге еш нәтиже бермей отыр. Ауданымызда 1200 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олар өздігінен жүріп-тұруға қауқарсыз, сол себепті қоғамдық шараларға қатыса алмай, төрт қабырғада отыруға мәжбүр”, –дейді Виктор Кривошеев. 
Конкурстың былтырғы жеңімпазы Сәлімхан Сәбитов “ӘРЕКЕТ” жобасы бойынша ұсынылған қаржыға мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытатын автомектеп ашқан болатын. Ол мемлекеттің мұндай көмегіне риза. Жас кәсіпкер: “Жобаны жасау қиын емес. Ең бастысы, ол қоғамға пайдалы болуы тиіс”, –деп отыр. 
Алдын-ала болжам бойынша жоба ұйымдастырушылары республика көлемінде 50 жобаны қаржыландырмақ. 

(Сурет yandex.kz сайтынан алынды)

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp