Жыл басынан бері облыста мас күйінде рөлге отырған 420 жүргізуші анықталды. Олардың 118-і – облыс орталығының көшелерінде жүрген.
Жүргізушілердің жолда жүру ережелерін бұзуын болдырмау мақсатында өңірімізде биыл бес жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінже 29 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Ал балалардың қатысуымен орын алған 13 жол-көлік оқиғасының салдарынан 13 бала жарақаттанып, біреуі көз жұмды.
(Сурет yandex.kz сайтынан алынды)