«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА АВТОБУСТАР САТЫП АЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Астана Моторс” компаниясы Петропавлда қытайлық “Golden Dragon” автобусын тестілеуді бастады.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов үстіміздегі айдың басында шаһарымыздың қоғамдық көліктер паркі жаңа автобустармен толығатыны туралы айтқан болатын. Міне, бүгін сол автобустардың алғашқысы қаламызға жеткізіліп, сынақтан өткізілді. Ұзындығы 10 жарым метр, 31 орындық, 80 адамға шақталған әрі  мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделіп жасалған қоғамдық көлік тестілеуіне өңір басшысы қатысып, бағасын берді.

– “Golden Dragon” маркасының автобустары барша әлемге танылып үлгерген, мінездемесі жақсы көліктер. Қысқа тестілеу барысында оның жетілген тұстары мен кемшіліктерін анықтау мүмкін болмады. Дегенмен, оның негізгі артықшылықтарын – ішінің кеңдігі мен ыңғайлығын байқап отырмыз. Өндірушілердің айтуынша, ол біздің ауа райына бейімделген, – деді ол.

Құмар Ақсақалов алдағы екі күн ішінде тестіленген көлікті  сатып алу мәселесін қарастыратындықтарын жеткізді. «Жолаушы тасымалдаушылар әкімдік шарттарына келіссе, жақын уақыт ішінде 30-40 автобусты сатып аламыз», –  деді ол.

“Астана Моторс” өкілдерінің айтуынша, мұндай автобустың бағасы 32 млн. теңгеден басталады.   Құмар Ақсақалов тілшілер сұрақтарына жауап бере отырып, қоғамдық көліктер паркінің жаңартылуы жолақыға еш әсер етпейтініне сендірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp