«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨТЕРМЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда көтермелеудің жаңа жүйесін енгізу кезінде әрбір мемлекеттік қызметшіге бонус бөлу жоспарлануда. Сыйақы беру мәселесі – мемлекеттік органның үнемделген қаражатының бар-жоғына тікелей байланысты. Алайда, бұл әдіс мемлекеттік қызметшіні жігерлендіру мәселесіне келгенде белгілі бір теңгерімсіздікті (дисбалансты) қалыптастырып отыр”, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова жуырда агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік төрағасының орынбасары атап өткендей, ауылдық және аудандық деңгейде осынау теңгерімсіздік айқын көрінеді. “Жаңа жүйе бойынша жағдайдың теңсіздігі алынып тасталады. Себебі, бонус әрбір мемлекеттік қызметшіге беріледі. Жалпы, балдық шкала бойынша бонустар ең алдымен қызметтік міндеттемені орындауда тиімділік пен жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Оған мысал ретінде жоғарыда аталған факторларды атап өтуге болады. Екіншіден, бұл амал-әдіс мемлекеттік қызметтің сапалы құрамын жасақтауға көмектеседі”, – дейді Айгүл Шайымова.
Еске сала кетсек, бұған дейін Айгүл Шайымова агенттікте мереке кезінде бәріне бірдей сыйақы беру жүйесінен бас тартып, жұмысы нәтижелі қызметкерлер үшін қосымша бонустар бөлу жүйесі енгізілгенін мәлімдеген болатын.

 

Аян БЕКЕНҰЛЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp